ВТБ Бірыңғай лигасы 2018/2019
Астана
Астана
ВТБ Бірыңғай Лигасы, Тұрақты біріншілік
12.01.2019, 15:00 Сн
Арена: «Сары-Арқа» велотрегі (Астана)
79:83
Негізгі уақыт
19:17 17:26 27:14 16:26
Ойын нөмірі: RS-81
Көрермен: 1078
УНИКС
Казань

«Астананың» жаңа жылдағы алғашқы қонағы – Қазан клубы

07.01.2019, 08:00    Просмотров: 378
Источник: Баспасөз қызметі
Автор:
12 қаңтарда, сенбі күні, «Астана» баскетбол клубы өз алаңында ВТБ Бірыңғай лигасының 2018/2019 жылдар маусымындағы жетінші ойынын өткізеді. «Астананың» жаңа жылдағы алғашқы қонағы УНИКС (Қазан) клубы болады.

УНИКС – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан. 1991 жылы құрылған. ВТБ Бірыңғай лигасында және Еурокубок додасында өнер көрсетеді.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007. 
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/14. 
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014. 
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/04. 
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/11. 
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/03. 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/10, 2011/12, 2015/16 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11
 
Матч 12 қаңтар күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 15:00-де. Билеттердің онлайн сатылымы – Ticketon.kz сайтында. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде және «QazSport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

УНИКС Астанада жеңісті жұлып әкетті

12.01.2019, 20:00    Просмотров: 644
Источник: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
Қазанның УНИКС клубы түзде қазақтың «Астанасын» қапы қалдырды – 83:79 (17:19, 26:17, 14:27, 26:16).

Осы ойынның алдында, турнир кестесінде, «Астана» (7-4) мен үздік үштіктегі УНИКС (9-2) клубтарының арасын бір орын ғана бөліп тұрды. Доп ортаға тасталысымен, Қазақстан чемпионы бес жарым миниуттың ішінде қонақтарға тек екі ұпай еншілеуге ғана мүмкіндік берді (8:2). Алайда есеп айырмасын ұлғайта түсуге доптан жиі айырылып қала берулері кедергі болды. Жалпы, бұл бірінші кезеңде алаң иелері үшін түйіні шешілмеген мәселе болды. «Астананың» 13 қателігі УНИКСтің үзіліске 7 ұпай айырмашылығымен алға шығуына жағдай туғызды (43:36). Осы ретте айта кетуіміз керек, қазандықтардың лақтырған доптарының дөп түсу пайызы алаң иелерімен салыстырғанда төмен болды (45:52) – қазандықтар шығыршыққа 37 рет доп лақтырса, қазақстандықтар 21 рет нысанаға алды. 
«Астана» ойынның үшінші ширек бөлігі басталған бетте серпіліс жасап (18:4), 7 минуттың ішінде таразы басын қайтадан өзіне қарай аударды. Әрі соңғы кезеңнің алдында таблодағы есеп 63:57 болды. Бірақ УНИКС Евгений Колесников – Артем Клименко ресейлік дуэтінің арқасында есепті мейілінше қысқартты (62:63). Ойын тағдыры матч соңында шешілетін болды.

Шектен тыс шиеленісті ойынның тағдырына екі команданың да айып соққыларынан мүлт кетулері әсер етті. Соның бірінде Трент Локетт есеп 78:79 болып, матчтың аяқталуына 23 секунд қалғанда жаза басты. Алайда УНИКС ойыншылары кері қайтқаан допты қағып алып, шабуылды одан әрі жалғастырды. Әрі қазандықтар мұны өте сәтті аяқтады. Джеки Кармайклдің орындауындағы данк ойын ережесін бұзумен аяқталып, ол сызық бойынан да шығыршықты дөп көздеді – 81:79. «Астананың» есепті теңестіру үшін жан ұшыра алға ұмтылған шабуылын қонақтар ойын ережесін бұзумен тоқтатты, әрине. Алайда екі айып соққысын орындау мүмкіндігіне ие болған Джей Джей О’Брайен екеуінде де мүлт кетті. Ысқырық шалынуға 13 секунд қалған, енді астаналықтарға қасақана ойын ережесін бұзу қажет. Бірақ бұл оларға матчтың бітуіне 4 секунд қалғанда ғана мүмкін болды. Әрі Джамар Смит екі айып добын да мүлтіксіз орындады (83:79).

УНИКС жеңістерінің саны бойынша «Химкимен» теңессе, «Астана» екінші рет қатарынан жеңілістің кермек дәмін татты. 
 

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Астана»: Энтони Клеммонс (16 + 7 рет допты қағып алды + 6 пас), Джей Джей О’Брайен (16 + 5 рет допты қағып алды), Майкл Дженкинс (12). 
  • УНИКС: Эрик Макколлум (20), Артем Клименко (16 + 11 рет допты қағып алды), Джеки Кармайкл (9 + 9 рет допты қағып алды).

«Астана» клубының бас бапкері Эмиль Райкович:
— Бірінші кезекте, УНИКС клубын құттықтаймын. Бүгін өте тамаша ойын болды, бірақ біз жеңісті уысымыздан шығарып алдық. Матч соңында қонақтар шығыршықтан қайтқан допты қағып алып, бәрін де сол шешті. Бізге әрі қарай да осы қарқынымыздан жаңылмай, ойнай беру керек. Бірақ біз бұдан да жоғары қарқында ойнай алатынымызды білеміз. Алда өте маңызды ойындар тұр, енді сол матчтарға мейілінше тыңғылықты дайындалуымыз қажет.

УНИКС клубының бас бапкері Димитрис Прифтис:
— Бүгін өте ауыр болды. Біз 6 күннің ішінде 3 ойын өткіздік және жолға өте көп уақыт жұмсадық. «Астана» биылғы маусымда өрнекті ойын үлгісін көрсетіп жүр. Бүгін екі команда да жеңіске жетуге лайық болды. Бәрін де матч соңындағы ұсақ-түйектер шешіп, ойын нәтижесіне ықпал етті. Өз ойыншыларымды құттықтаймын, қазір біз қатты шаршадық, бұл біз үшін үлкен мәселе болып тұр.


Елорда командасы келесі ойындарын өз алаңында өткізеді. 14 және 15 қаңтар күндері «Атырау Барыстары» баскетбол клубын қабылдап, ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында додаға түседі.

Ал ВТБ Бірыңғай лигасындағы келесі кездесуін түзде өткізеді. 20 қаңтар күні елорда баскетболшылары Красноярскіге барып, онда жергілікті «Енисей» баскетбол клубымен кездеседі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.

Қарсылас жайлы мәлімет

Құрылған жылы: 1991 Клубтық түстері: ақ, жасыл
Мемлекет: Ресей Арена: Баскет Холл
Қала: Казань Сайт: www.unics.ru

Сипаттамасы

УНИКС – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан, 1991 жылы құрылған.
 
Жетістіктері:
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007, 2016, 2021
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009−2011, 2013/2014, 2018/2019, 2021/2022
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014
  • FIBA Евролига чемпионы − 2003/2004
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/2011
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/14 
  • NEBL чемпионы − 2002/2003
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/2010, 2011/2012, 2015/2016, 2020/2021
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/11, 2018/2019, 2021/2022

Команданың жалпы суреті

УНИКС