«Қапшағай» — Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Қапшағай қаласынан.
Алматы облысының «Қапшағай» баскетбол клубы 2011 жылы 20 қаңтарда Алматы облысы әкімінің қаулысымен, Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдау көрсетуімен құрылған.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигадағы қола жүлдегері: 2015/2016
Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигадағы чемпионы: 2011/2012
Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигадағы қола жүлдегері: 2016/2017
Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2015, 2016
Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2014
Баскетболдан клубтық командалар арасындағы Азия чемпионатына қатысқан, Амман (Иордания): 2012/2013