Турнирлер

Турнир жайлы

Ақпарат

Мемлекет: Ресей Құрылған жылы: 2009 Сайт: www.vtb-league.com
Өтетін уақыты: 05.10.2018 – 01.06.2019 Командалар саны: 14 Өткен маусымдағы жеңімпаз: ЦСКА (МСК)

Сипаттамасы

ВТБ Бірыңғай лигасы – баскетболдан ерлер арасындағы кәсіпқой командалардың жыл сайынғы халықаралық клубтық турнирі. FIBA ресми додасы болып табылады. Турнирді 2008 жылы Шығыс Еуропадағы үздік клубтарды біріктіру мақсатында ВТБ мен Ресей баскетбол федерациясы бірлесе құрған.

Турнирдің өткізілу тәртібі

ВТБ Бірыңғай лигасының алғашқы қадамы 2008 жылы желтоқсан айында Promo-кубок өткізуден басталды. Оған Ресей, Литва, Украина, Латвия және Польша елдерінен 8 команда қатысты.

2009/2010 – 2013/2014 жылдар маумсымы аралығында жыл сайынғы чемпионат топтық кезең үлгісінде өткізілді. Ал финалдық додасы Еуролига үлгісіндегідей ұйымдастырылды – Төртеу финалы. 2014/2015 жылдар маусымынан бастап турнирдің өткізілу тәртібі өзгерді. Бұрынғыдай екі топқа бөлінбей, әр команда бір-бірімен екі айналымдық жүйе бойынша үйде және түзде бір ойыннан өткізіп шығатын болды. Содан соң чемпионат қорытындысы бойынша сегіз үздік команда плей-офф сатысына шығады. Плей-оффта кездесетін командалар жұбы алған орындарына байланысты түзіледі: 1-орын / 8-орын, 2-орын / 7-орын, 3-орын / 6-орын, 4-орын / 5-орын. Плей-офф кезеңіндегі командалардың барлық кезеңдерінде 3 жеңіске матчтық сериясын ойнайды.