Командалар

Құрамы

15
Майкл
Майерс
Орталық ойыншы
Туған күні: 02.07.1992 (31) Туған жері: Камден, Нью-Джерси, АҚШ Азаматтығы: АҚШ Бойы: 206 см. Салмағы: 111 кг.
Майк Майерс 1992 жылы 2 шілде күні Камденде, Нью-Джерси туған. Азаматтығы — АҚШ, амплуа — орталық, бойы — 206 см.

Студенттік шағында Анджелина колледжі мен Мэрилендтің Шығыс жағалауы университеті командаларында ойнаған.

2015/16 маусымында ол Францияның «Бордо», Эстонияның «Раплу» және Финлияндияның «Хельсинки Сигаллс» клубтары сапынжа өнер көрсетті. Оның орташа көрсеткіші – барлық лигада бір ойында 15.62 ұпай. Ал алаңда өткізген орташа уақыты – 24.5 минут.

Келесі жылы ол Италияның Сиенасындағы «Менс Сана Баскет 1871» командасында ойнап, орта есеппен әр ойында 15.96 ұпай жинап отырды (алаңдағы орташа ойын уақыты – 28.1 минут).

Бұдан кейін Майерс «Остенде» клубына ауысып, Бельгия чемпионатында жеңімпаз атанды (барлық турнирде орта есеппен, әр ойында 8.51 ұпай еншіледі, ойын уақыты – 16.9 минут).

Майктің келесі командасы «Нимбурк» болып, 2018/19 маусымында Чехия біріншілігінде топ жарды. Америкалық орталық шептегі ойыншы бұл ұжымда, тура осының алдындағы командадағыдай, Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Әр матчтағы орташа көрсеткіштері – 8.27 ұпай және 14.9 минут.

2019–2021 жылдарды ол Украина Суперлигасындағы жақында құрылған «Прометей» командасы сапында өткізді. Алғашқы маусымының қорытындысында Украинада орталық шептегі ең үздік ойыншы болып танылды (15.54 ұпай әр ойында, 26.7 минут алаңда). Ал келесі жылғы додада осы команданың өз тарихында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алуына көмектесті (11.96 ұпай, 21.7 минут).

Майерс соңғы ойнаған ұжымы Оңтүстік Кореяның «Сувон Соникбум» клубы болды. (бір ойындағы орташа көрсеткіштері – 6.45 ұпай және 13.3 минут).