«Астана» баскетболшылары «Астана» радиосында қонақта болды

18.11.2016, 11:25    Оқылғаны: 1248
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
Бүгін «Астана» баскетболшылары, атап айтқанда, Рустам Мырзағалиев пен Роберт Лаури клубтың Атқарушы директоры Жомарт Әсенхановпен бірге «Астана» радиосының «Двойной Эспрессо» деп аталатын таңертеңгілік шоуына қатысты.



Баскетболшылар өздерінің ойындары және кезекті матчтарға қалай дайындалатындықтары туралы, сондай-ақ осы спорт түріне қалай келгендері жайлы сыр шертті. Емен-жарқын сұхбат мұнымен ғана шектелген жоқ. Америкалық қорғаушы Роб Лаури Қазақстан туралы, Астананың ауа-райы жайлы және елорда тұрғындары турасында өз әсерімен бөлісті. Лауридің айтуынша, мұнда бәрі де оның көңілінен шыққан, қала да, жергілікті тұрғындар да өте ұнаған. Сонымен қатар, баскетболшылар жастарға спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.

«Астана» баскетбол клубы осы бағдарламаның жүргізушілері Ольга мен Арманға қонаққа шақырғандары және таңертең ертемен көңілдерін көтергендері үшін алғыс білдіреді. Біздің достық қарым-қатынасымыз одан әрі жалғасын табады деп үміттенеміз!



Осы ретте естеріңізге сала кетейік, «Астана» алдағы жексенбіде, сағат 17:00-де ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Красноярскінің «Енисей» клубымен кездеседі. Ойынға кіру тегін! Келіңіздер, біздің жігіттерді қолдаңыздар!


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры"