«Астана» WASL сырт алаңдағы матчында «Әл-Риядиден» жеңілді

12.02.2026, 17:00    Оқылғаны: 20
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
11 ақпанда «Астана» FIBA Батыс-Азия Супер Лигасы (WASL) тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда ливандық «Әл-Риядимен» кездесті. Бейруттегі ойын 106:57 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. 

Турнирдің қазіргі чемпиондары матчтың алғашқы минуттарынан бастап жоғары қарқындағы ойын өрнегін көрсетіп, бірінші ширектің соңында таблодағы көрсеткіш 33:19 болды. Екінші он минуттықта «Әл-Рияди» есеп айырмасын ұлғайта түсіп, үлкен үзіліске 67:32 есебімен аттанды. 

«Астана» сапынан бұл ойында қазақстандық баскетболшылар Роберт Пан (15 ұпай) мен Асқар Майдекин (11 ұпай) үздік атанды. Командамыз Бейрутте WASL биылғы маусымындағы ең ірі жеңілісіне ұшырады. Рамунас Цвирка шәкірттері апта бұрын «Саджесске» қарсы матчта көрсеткен ойын қарқынын көрсетеалмады. 

Тұрақты маусымның жеті турында екі команда да бес ойында жеңіске жетіп, екі матчта жеңіліс тапқан. Алайда «Әл-Рияди» ірі есеппен жеңіске жеткенінің арқасында турнирлік кестеде бірінші орынға қайта оралды. 

«Астана» сырт алаңдағы матчтар сериясын жалғастырып, 19 ақпанда сириялық «Әл-Вахдаға» қарсы ойнайды. Кездесу Бейрутте өтіп, сырт алаңдағы соңғы матч болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»