«Астана» Атыраудағы матчтар сериясында жеңіске жетті.

22.01.2026, 14:00    Оқылғаны: 24
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Ұлттық Лига аясында Қазақстанның батысында «Барсы Атырау» командасына қарсы сырт алаңдағы матчтар сериясын өткізді. Бұл ойындар 2026 жылы біз үшін дебюттық ойындар болды және сенімді жеңістермен аяқталды.

Бірінші матч елордалық клубтың сенімді жеңісімен аяқталды. Кездесудің басында-ақ «Астана» алға озды — 0:13. «Барсы Атырау» командасына матч басталғаннан алты минут өткенде ғана сәттілік мойын бұрды. Алайда, бұл бірінші ширектің қорытындысы бойынша 11:22 болған есептегі айырмашылықты азайту үшін жеткіліксіз болды. Екінші он минутта қарсылас белсенді шабуыл жасай бастады, бірақ «Астана» ойыншылары да оңай беріспей, ойынды толық басқарып отырды — 11:17. Ойынның екінші жартысының басы нәтижесіз қалмады: командалар бір-біріне қарсы шабуылдар жасады — 17:24. Соңғы ширекте де қонақтар басты шепте ойын көрсетіп, бұл олардың ойында жеңіске жетуіне ықпал етті. Кездесудің қорытынды есебі — 50:79.

Матчтың үздік ойыншысы «Астана» орталық ойыншысы Александр Жигулин болды, ол 15 ұпай жинап, 3 рет доп алды. Роберт Пан да ерекшеленді — 13 ұпай, 5 доп алып, 3 пас берді. Аскар Майдекин, Руслан Айткали және Адас Юшкявичюс әрқайсысын 9 ұпайдан жинады.

Екінші матчты «Барсы Атырау» барынша белсенді бастады — командалар ойын басындағы ширекті қарсы курстармен ойнап шықты (18:19). Ізінше «Астана» ойынға қосылып, екінші он минуттың қорытындысы бойынша 13:27 есебімен қарсыласын сенімді түрде жеңді. Үлкен үзілістен кейін паркет иелері тағы да шабуылға шықты, бұл үшінші ширекті аз ғана айырмашылықпен аяқтауға мүмкіндік берді — 21:25. Соңғы уақыт ширегіндегі ойын нәтижесін тағы да қонақтар шешті — 16:26. Финалдық «сирена» «Астананың» осы сериядағы екінші жеңісін тіркеді.

Екінші кездесу мейлінше нәтижелі болып шықты. «Астананың» үйлестіруші қорғаушысы Эрик Дэй 22 ұпай жинап, 6 нәтижелі пас беріп, 4 рет доп алып, матчтың үздік ойыншысы атанды. Одан кейінгі орынға 17 ұпай жинап, 6 доп алып және 3 пас беріп Асқар Майдекин орналасты. Сондай-ақ, Руслан Айтқали (16 ұпай, 3 рет доп алу) мен  Роберт Пан да (12 ұпай, 5 рет доп алу) ерекше көзге түсті.
Енді «Астана» сырт алаңдағы ойындар сериясын жалғастырады. Ендігі кезекте — қостанайлық «Тобыл». Матчтар 26 және 27 қаңтарда қонақтар паркетінде өтеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»