Абу-Дабидегі 8 клуб қатысатын халықаралық турнир 29 қыркүйекте басталады

29.09.2025, 12:00    Оқылғаны: 110
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы — Абу-Даби халықаралық баскетбол турнирін қабылдайды. Abu Dhabi International Basketball Championship 2025 жарысы 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Әл-Жазира» клубының жабық спорт кешенінде өтеді. Жарыс Абу-Даби Спорт кеңесінің көмегімен, БАӘ баскетбол федерациясының жетекшілігімен және «Әл-Вахда» клубы мен Global Active Sports компаниясы ұйымдастыруымен өткізіледі. 

Чемпионатта мықты жергілікті, аймақтық және халықаралық клубтар бақ сынайды:
- Әл-Вахда, Әл- Дафра және Шарджа лигасы чемпионы (БАӘ)
- ⁠Әл-Рияди және Шамвиль (Ливан)
- ⁠TNT Tropang Giga — Филиппин баскетбол қауымдастығының вице-чемпионы
- ⁠«Астана» — Қазақстан чемпионы
- ⁠Әл-Курайн (Кувейт) 

Жарыс командалардың жаңа маусым — ұлттық чемпионаттарға, құрлықтық турнирлерге іріктеу жүретін аймақтық сайыстар алдындағы дайындығының маңызды кезеңі болмақ. Турнир түрлі баскетбол ойнау стильдері мен жоғары деңгейлі ойыншыларға қарсы кездесулер арқылы өз күшің мен мүмкіндігіңді сынап көруге мүмкіндік береді. 

Жарыстың ұйымдастыру комитетінің төрағасы Абдулла Салем Әл-Джунайби турнирге дайындық қарқынды жүріп жатқанын және оның барлық қатысушылар үшін маусымға дайындығы барысындағы маңызды кезең екенін атап өтті:

«Барлық командаларды Абу-Дабиде көретінімізге қуаныштымыз. «Әл-Вахда» клубы әрдайым араб әлемінің жетекші командаларының қатысуымен ірі турнирлер өткізеді. Бұл жарыс, сондай-ақ, Ливан, Кувейт, Филиппин және Қазақстан елдерімен спорттық қарым-қатынасты нығайта түсуге тамаша мүмкіндік».

Турнир форматына сәйкес, сегіз команда екі топқа бөлінеді:
«А» тобы: Әл-Рияди (Бейрут), TNT Tropang Giga, Шарджа, Әл-Дафра.
«В» тобы: Әл-Вахда, Астана, Шамвиль, Әл-Курайн. 

Әр команда топтық кезеңде үш матчтан өткізеді. Топтан үздік шыққан екі ұжым жартылай финалға жолдама алады, одан соң шешуші кезең өтеді.

Жанкүйерлер матчқа билеттерді Ticketmaster арқылы сатып ала алады, ал ойындарды Abi Dhabi Sport Channel арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Абу-Дабидің тағы бір мәрте турнир астанасына айналуы БАӘ бас қаласының халықаралық спорттық жарыстарды қабылдайтын маңызды орталық екенін көрсетеді. Бұған Абу-Даби Спорт кеңесінің қолдауы мен әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға мүмкіндік беретін қаланың заманауи инфрақұрылымы ықпал етеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»