«Астана» КБК Sport+ телеарнасымен меморандумға қол қойды
Клубтың бас директоры Самсон Аракелян мен медиатоп басшысы Олжас Абраев ақпараттық серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды. Келісім аясында қос тарап отандық баскетболды медиатоп ресурстары дамытады, әсіресе назар еліміздің үздік баскетболшылары жиналған және биыл тұңғыш рет ВТБ Бірыңғай жастар лигасында өнер көрсететін клубтың жастар командасына бөлінеді.
Самсон Аракелян, «Астана» КБК бас директоры:
«Бізді қызықты маусым күтіп тұр, жастарымыз алғаш рет ВТБ Жастар лигасында Қазақстан намысын қорғайды. Негізгі команда Қазақстан чемпионатынан бөлек, Батыс-Азия Супер лигасында өнер көрсетеді. Құрлықаралық кубок қатысушылары арасында болу үшін барлық кезеңнен өтуіміз керек: WASL Суперлигасы, финалға өтсек, Азия чемпиондары Кубогы. Осыған байланысты жанкүйерлермен бөлісер жаңалығымыз да көп, командалар бәріміз үшін жаңа турнирлерде бақ сынайды. Сондықтан да көзқарасымыз сай келетін беделді ақпараттық серіктесіміз болуы керек. Осы тұрғыда Sport+ пен клуб көзқарасы бір жерден шығады және Қазақстандағы баскетболдың медиасын дамытуға құлшыныс бар болғаны үшін қуаныштымын. Тек халықаралық жарыстарды емес, жастарымыз қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, жаңа есімдерді ашу қажет және талдау болғанын қалаймын. Sport+ арнасы бізге осыны жүзеге асыру үшін мүмкіндік беруге дайын».
«Баскетбол — әлемдегі ең танымал әрі қолжетімді спорт түрлерінің бірі, біздің елде де бұл спортты жақсы көреді. «Астана» болса — өз академиясы, инфрақұрылымы мен дамуға, әсіресе жастардың дамуына басымдық беретін нақты жоспары бар Қазақстандағы жетекші клуб. Мұның барлығы медиахолдингтің стратегиясына толығымен сай келеді. Бірлесіп еңбек ету арқылы отандық баскетболда жаңа есімдерді аша алатынымызға, бұл спорт түрінің танымалдығын арттыратынымызға және бұқараны салауатты өмір салтына шақыра алатынымызға сенімдімін», - деді Медиатоптың бас директоры Олжас Абраев.