«Астана» сапына ойыншы-жаттықтырушы ретінде Адас Юшкявичюс қосылды. Ол ойыншылардың жеке қабілеттерін дамытумен айналысады.

26.09.2025, 11:30    Оқылғаны: 209
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Юшкявичюс кәсіби мансабын Zalgiris Kaunas жүйесінде бастаған. Ол — «Zalgiris-Arvydas Sabonis School» мектебі тәрбиеленушісі. Мансабы барысында ол Еуропаның жетекші клубтары сапында өнер көрсеткен.
- Zalgiris Kaunas — 2012/2013 жылдар маусымындағы Литва чемпионы, Балтық лигасы жеңімпазы.
- ⁠Lietvous Rytas Vilnius — Литваның жетекші клубтарының бірі, онда Адас екі маусым өткізіп, қорғаныстың маңызды ойыншысына айналды
- ⁠Tecnyconta Zaragoza (Испания, Liga ACB) — Еуропаның мықты лигаларының бірінде ойнау тәжірибесі бар.
- ⁠Lietkabelis Panevezys сапында өнер көрсеткен кезін Адастың мансабындағы жарқын кезеңі деуге болады, осы шақта ол Еурокубокта бақ сынаған. Матчтардың бірінде ол ойын барысында жасалған үш ұпайлық соққылар саны бойынша рекорд иесі атанды.
- ⁠Galatasaray (Түркия) сапында ол тұрақты нәтижемен көзге түсті: бір матчта орта есеппен 12.1 ұпай, 2.1 рет допты алу, 1.3 пас.
- ⁠Nanterre 92 — баскетболшы мансабын Францияның LNB Pro A лигасында жалғастырды.
- ⁠Парма (Ресей, ВТБ Бірыңғай Лигасы) — шетелдегі мансабы жалғасын тапқан клуб. Мұнда Адас өзін команданың көшбасшы ойыншысы ретінде көрсете білді.

Адас Литва намысын жастар командасынан ұлттық құрамаға дейінгі барлық деңгейде қорғаған:
- Литва жасөспірімдер құрамасы сапынба Еуропа чемпионатында (U20) өнер көрсеткен.
- ⁠2014 жылғы әлем чемпионаты (әр ойында орта есеппен 8.2 ұпай, 1.4 рет допты алу, 1.6 пас).
- ⁠2016 жылғы Олимпиада ойындары.
- ⁠2017 жылғы Еуробаскет.

«Астанаға» қош келдің, Адас!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»