Азамат Қабдылкәрімов «Астана» КБК бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды

02.07.2025, 10:35    Оқылғаны: 89
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Азамат Қабдылкәрімов «Астана» кәсіби баскетбол клубы бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Азамат Қабдылкәрімов – Қазақстан баскетболы саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман. Ол өзінің кәсіби мансабын 2007 жылы «Тигры Астаны» командасы басшысы ретінде бастады. Одан соң ол Маңғыстау облысы баскетбол федерациясы және «Каспий» БК директоры орынбасары қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бастап ол «Astana Tigers» клубының директоры болды. Оның қол астында клубтың ерлер командасы еліміздің Жоғарғы лигасында екі рет, ал әйелдер ұжымы төрт мәрте чемпионат жеңімпазы атанды.

2023 жылдан бері «SANA sport» Отбасылық спорт орталығының спорттық директоры болды.

2017-2023 жылдар аралығында Азамат Қабдылкәрімов ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы бұқаралық баскетбол департаментін басқарды, сонымен қатар Қазақстан әйелдер құрамасының менеджері болды. 2021-2024 жылдары «Дай Мяч» мектеп баскетбол лигасын басқарды.

Қазіргі таңда Азамат Қабдылкәрімов Астана қаласы баскетбол федерациясы бас хатшысы, сонымен қатар ол бірнеше жобаның басшысы: ABL Әуесқой баскетбол лигасы, MBL Жастар баскетбол лигасы, Astana open және Jr. NBA Kazakhstan U14 лигалары.

Әкімшілік қызметтен бөлек, Азамат Қабдылкәрімов ойыншы ретінде де, бапкер ретінде тәжірибе жинақтаған. Ол – баскетболдан Қазақстан Республикасының спорт шебері, «Тигы Астаны» БК экс-ойыншысы (2001-2007), Қазақстанның үш дүркін чемпионы. 2018-2020 жылдары ол 3х3 баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарып, команда оның жетекшілігімен 2019 жылы Қытайда өткен Азия Кубогының күміс жүлдегері атанды.

Клуб басшылығы Азамат Қабдылкәрімовті жаңа қызметімен құттықтап, стратегиялық міндеттерді шешуді сәттілік тілейді!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»