Арсен Талғатов жаңа маусымда «Астана» намысын қорғауды жалғастырады!
«Астана-Жастар» командасы капитаны Арсен Талғатов клубпен 2025/2026 жылдар маусымына арналған келісімшартқа қол қойды.
18 жастағы шабуылшы өткен маусымда 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында 28 матч өткізді. Жалпы, әр ойында ол орта есеппен 8.6 ұпай еншілеп, 3.2 рет допты алып, 1.2 пас беріп және 1.2 рет допты тартып алған. Оған қоса, Арсен ішкі біріншіліктің плей-офф кезеңі қорытындысы бойынша маусымның үздік бес ойыншысының қатарына енді.
Сәттілік серік болсын, Арсен!