Руслан Айтқали бізбен бірге!
«Астана» шабуылшысы алдағы үш жылда елордалық команда сапында өнер көрсетеді. Руслан клубпен өзінің алғашқы келісімшартына 2018 жылы қол қойған, содан бері команда намысын қорғап келеді. Өткен маусымда ол ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионатында 40, Қазақстан Ұлттық Лигасында 18 ойын өткізіп, әр матчта орта есеппен 10.3 ұпай еншілеп, 1.2 пас берген және 4.7 рет допты алған.
Руслан команда сапында алты дүркін ел чемпионы, алты рет Қазақстан Кубогының иегері және Батыс-Азия Суперлигасының қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар, ол — Қазақстан құрамасының маңызды ойыншыларының бірі.
Жаңа маусымда сәттілік серік болсын, Руслан!