Қош келдің, Саян!
«Астана» құрамы 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының MVP ойыншысы — Саян Мамутовпен толықты. 17 жастағы ойыншы бұған дейін «Алматинский Легион-М» командасында ойнап, 22 матчқа қатысқан және әр ойында орта есеппен 17.6 ұпай еншілеген. Сондай-ақ, Саян Ұлттық Лигада өнер көрсетіп үлгерді.
Жаңа маусымда сәттілік тілейміз!