Баскетбол болашағы: «Астана» ойыншылары оқушыларға шеберлік сағатын өткізді

27.01.2025, 19:30    Оқылғаны: 85
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
27 қаңтарда «Астана» баскетболшылары елордадағы Дулат Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейіне барып, аптаны жақсы іспен бастады. Ти Джей Старкс, Мағжан Сәрсенғалиев, Әмірәли Сүлейменов, Валерий Симонов, Әсет Амангелдинов пен Әлижан Ыдырысжан 1-6 сынып оқушыларына арнап шеберлік сағатын өткізді. Жалпы дене дайындығы бойынша жаттықтырушы Қайрат Раимов іс-шара жетекшісі болды.

Балаларға арналған баскетбол сабағы

Шеберлік сағатына жүзден аса оқушы қатысып, «Астана» клубы ойыншылары оларға баскетбол негіздерін түсіндірді. Іс-шара Қайрат Раимов жүргізген дене қыздыру жаттығуларынан басталды. Ол балаларға физикалық жаттығу алдында денені қыздырудың маңызы, оның жарақат алудан қалай сақтайтыны туралы айтты.
Дене қыздыру жаттығуынан кейін балалар екі топқа бөлінді. Төменгі сынып оқушылары негізгі қабілеттерді меңгеруге жұмыс істеп, Әлижан Ыдырысжанмен және Әсет Амангелдиновпен бірге допты дұрыс лақтыруды үйренді. Ал жоғары сынып оқушылары дриблинг, пас беру және алаңда қозғалыс сынды қабілеттерді меңгерді. Валерий Симонов, Мағжан Сәрсенғалиев, Қайрат Раимов пен Әмірәли Сүлейменов олармен өз  тәжірибелерімен бөлісті.

Тәжірибе және «Астана» баскетболшыларымен ойын

Шеберлік сағатының екінші бөлігін тәжірибелік жаттығуларға арналды. Жоғары сынып оқушылары «Астана» командасына қарсы ойнау мүмкіндігіне ие болды. Жалпы алғанда, төрт матч ойналды, оның біреуі қыздардан жасақталған командаға қарсы өтті.
Шеберлік сағатының соңында Ти Джей Старкс мектеп командасы баскетболшыларымен «бірге-бір» форматында кездесу өткізді. Тіпті, оқушылардың бірі «Астана» ойыншысын алдап кетті. Талантты оқушыға астаналық клубтың мерчі сыйға берілді.

Іс-шара қорытындысы

Шеберлік сағатының соңында ойыншылар мен балалар бір-біріне пайдалы өткізілген уақыт үшін алғыстарын білдірді. «Астана» ойыншылары оқушыларды 29 қаңтар күні өтетін команданың матчына шақырып, билеттер берді.

Жалпы дене жаттығуы бойынша жаттықтырушы Қайрат Раимов жас спортшылармен байланыстың маңыздылығын атап өте отырып, шеберлік сағатын қорытындылады:
- Іс-шара қалай өтті?

- Мұндай шаралар баскетболдың танымалдығын арттырып, жастарды баскетболға қызықтыруға мүмкіндік береді. Маған жастармен тәжірибеммен бөліскен ұнайды, мұны балаларға жоғары деңгейлі ойын мен оларға өз үлгісімен шабыт бере алатын «Астана» ойыншыларымен бірге жасау екі есе қуаныш сыйлайды.

- Осыншама көп баламен бір мезетте жұмыс істеу қандай әсер сыйлайды?

- Бала санының көп болуын жаңа тәжірибе деп санауға болады, әрі оның сыйлайтын өзіндік ләззаты бар. Олардың баскетболға деген қызығушылығы жоғары, неше түрлі сұрақ қояды, түрлі жаттығуларды жасап көреді. Ал ойыншылардың олар үшін үлгі болғанын көргенде, өзің де шабыт аласың.

- Шеберлік сағатында балаларға қандай ақпарат берілді?

- Баскетболдың командалық спорт түрі ретінде маңызын, ондағы тәртіп пен физикалық дайындықтың алаңдағы нәтижеге қалай әсер ететіні туралы айттық. Сонымен қатар, ойыншылармен бірге дриблинг, пас пен алаңдағы қозғалыс бойынша түрлі жаттығуларды көрсеттік. Сәлден соң балалар шеберлік сағатының тәжірибелік бөлігінде осының бәрін өздері жасап көрді.

-  Мұның оларға берер пайдасы қандай?

- Шеберлік сағатының пайдасы мол. Оқушылар жаңа білім алып қоймай, мектеп қабырғасынан кәсіби деңгейге дейін жеткен ойыншылармен танысты. Мұндай кездесулер оларға спортпен айналысуға, өз қабілет-қасиеттерін шыңдауға шабыт беріп, баскетболдағы жетістік еңбек пен үздіксіз дамудың арқасында келетінін түсіндіреді.

- Осындай шеберлік сағаттары жалғасын тапқанын қалар ма едіңіз?

- Әрине, біз командамен мұндай шараларды өткізуге және оларға қатысуға дайынбыз. Олар адамдардың спортқа деген махаббатын арттырып, кәсіби ойыншылар мен жастар арасында байланыс орнатады. Өздерін жаңа бағытта сынап көрген балалардың көзіндегі жалынды көру – бәріміз үшін үлкен мотивация.
 
«Астана» КБК бас серіктесі — «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» КБК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»