«Астана» жылдың соңғы ойындарын өз алаңында өткізеді

20.12.2024, 14:30    Оқылғаны: 23
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
21-22 желтоқсан күндері Академия Залында Ұлттық Лига тұрақты чемпионаты матчтары өтіп, «Астана» ақтаулық «Каспийді» қабылдайды. Астанада ел біріншілігінің матчтары соңғы рет қазанда өтті, сондықтан елордалықтар қазақстандық баскетболды сағынды деп айтуға болады. Бұл жолғы қарсыласымыз – Ақтау қаласы командасы. Екі ұжым бұған дейін 60 рет өзара кездескен және оның 55-інде біздің командамыз жеңіске жеткен. Абылайхан Жандарбек, Әлижан Ыдырысжан мен Павел Соннов жарақат алған ойыншылар тізімінде болғандықтан, осы кездесулер алдында «Астана» құрамында өзгерістер орын алады.

«Астананың» көшбасшы ойыншыларының бірі Мұхаммедәли Сайранов алдағы матчтар сериясы туралы пікірімен бөлісті.

Мұхаммедәли Сайранов, «Астана» БК ойыншысы:

  - Бұған дейін сырт алаңда «Каспийден» екі рет жеңілдік, сондықтан бұл жолы кеткен есені қайтаруымыз керек. Ойынға дайындығымыз жоғары деңгейде. Бұл Ұлттық Лиганың биылғы жылдағы соңғы екі ойыны болғандықтан, жеңіске жетуіміз қажет. Жанкүйерлерді және өзімізді қос жеңіспен қуанту үшін барымызды саламыз.  

- Қарсылас туралы не айта аласың?

- Команданың құрамы өте мықты: 4,5-позицияларда ойнайтын легионер, ағайынды Марчуктер мен Костя – ұлттық құрама ойыншылары. «Каспий» осал қарсылас емес.

-Расскажи о ребятах из «Жастара», которые сейчас делают первые шаги в Национальной Лиге?

- Алғашқы ойыннан соңғы матчқа дейін прогресс сезілді. Бұл Богдан Бойконың Ұлттық Лигадағы алғашқы ойыны емес, аалйда оның деңгейі өскені байқалды. Санжар Әубәкіровті ерекше атап өткім келеді. Ол енді ғана дебют жасады, дегенмен әр ойын сайын өзін тек өз деңгейінің өсіп жатқандығын көрсетті. «Легионға» қарсы соңғы екі матчта сенімді ойнады.

- 4 ойыншы ВТБ Бірыңғай Лигасында өнер көрсететін негізгі командаға қосылғанда, сіздің құрамға «Жастар» ойыншылары келді. Қосымша жауапкершілікті сезінесің бе? Көшбасшы немесе бірінші нөмірлі ойыншы рөлін өзіңе алу керек пе?

- «Жастар» ойыншылары команда құрамына қосылғаннан бері тек маған емес, жалпы Ұлттық Лигада ойнайтын ойыншыларға артылатын жауапкершілік жүгі артты. Біз жастарға көмектесіп, өзіміз көшбасшы позицияларда болуымыз керек. Ал команданың айқын көшбасшы ойыншысы болуға келсек, қазір бізде мұндай ойыншы жоқ. Себебі команда жас, сондықтан бәрі өз уақытымен келеді. Дәл қазір мен ойыннан тек ләззат алғым келеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»