«Пармамен» ойынға астаналықтар қысқарған құраммен шықты. Дэниэл Утоми, Ти Джей Старкс, Григорий Мотовилов, Мағжан Сәрсенғалиев, Данила Походяев пен Андрей Десятников жарақаттары мен сырқаттанып қалуларына байланысты алаңға шыға алмады. Александр Оразбеков пен Рустам Мурзагалиев өздерін жайсыз сезініп тұрғандарына қарамастан, алаңға шығып, командаға көмектесті. Бұл қиындықтар команданың ойынына әсерін тигізді, алай «Астана» ешқашан күресті тоқтатқан емес.
Төмен жылдамдық және орталық ойыншылардың теке-тіресі
«Парма» алғашқы минуттардан бастап қорғанысқа көп мән беретінін көрсетіп, «Астананың» шабуылына кедергі келтірді. Командамыз қарсыластың алғашқы дәл соққларына жауап бере алғанымен (4:6), артынша пермілік клуб есепте алға шықты (4:13).
Бірінші кезеңнің соңына қарай астаналықтар жинақталды, ал жанкүйерлер болса қос орталық ойыншы – Асқар Майдекин (бірінші ширекте 6 ұпай) мен «Астана» экс-баскетболшысы Ройс Хэммнің теке-тіресіне куә болды. Сондай-ақ, Сардал Абашидзе көзге түсті. Алайда ойынның бірінші бөлігі пермілік команда пайдасына шешілді – 11:19.
Есеп айырмасын қысқарту және қарсыластың босаңсуына жол бермеу
Команда екінші ширекте есеп айырмасын қысқартуға, немесе кем дегенде, қарсыластың таблодағы көрсеткішті ұлғайтуына жол бермеуге тырысты. Кей сәттерде бұл алаң иелерінің қолынан келді: Абашидзе көзге түсті, Галин Смит шабуылдардың нүктесін данкпен қойды. Алайда Евгений Пашутин бастаған команда өз мүмкіндіктерін тұрақты түрде жүзеге асырып отырды. Допты тартып алудағы көрсеткіш көңілге қуаныш сыйлап, «Астана» бұл көрсеткіште көш бастады – 22:21. Ойындағы үлкен үзіліске командалар 27:41 есебімен аттанды, «Парма» алда.
Үшінші ширек. Камбэкке үміт
Үзілістен кейін «Астана» жарқын ойын өрнегін көрсетіп, үшінші ширекте 8:2 есебімен алға шықты. Вадим Щербак дәл соққымен көзге түссе, Руслан Айтқали қатарынан үш ұпайлық соққыны жүзеге асырды. Ал бұл болса камбэк жасауға үміт сыйлады. Алайда команданың бұл қуанышы ұзаққа созылмады: «Парма» қатарынан 9 ұпай еншіледі, бұл сәтте Ройс Хэмм шешуші рөл ойнады. Үшінші кезеңнің соңына таман таблодағы көрсеткіш 42:64 болды.
«Астана» төртінші кезеңде лайықты ойын өрнегін көрсетті
Ойынның қорытынды бөлігінде «Астана» мінез көрсетті, жылдамдықты арттырды және кезеңді өз пайдасына шеше білді (20:19). ВТБ Бірыңғай Лигасы хайлайттарына енуге лайықты жарқын сәттер көп болды. Мәселен, Асқар Майдекин жоғарыдан соққы жасады, Галин Смит көзге түсті, Сардал Абашидзе данк авторы атанды, Вадим Щербак та коамндаға ұпай сыйлады. Дегенмен, толыққанды күрес жүргізіп, есеп айрымасын қысқарту үшін күш пен ресурс жетіспеді. Команда құрамы толық болғанда, бұдан да нәтиже көрсете алуы мүмкін еді.
«Астана» — «Парма» 62:83 (11:19, 16:22, 15:23, 20:19)
«Астана»: Асқар Майдекин (15 ұпай, 5 рет допты алу), Руслан Айткали (11 ұпай), Вадим Щербак (10 ұпай), Галин Смит (10 ұпай, 11 рет допты алу).
«Парма»: Ройс Хэмм (22 ұпай, 6 рет допты алу), Самсон Руженцев (18 ұпай), Алекс Хэмилтон (17 ұпай, 7 рет допты алу).
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
«Бірінші кезекте, «Парманы» жеңісімен құттықтаймын. Ал екіншіден, өз ойыншыларыма алғыс айтқым келеді. Әсіресе, ауырып тұрғандарына қарамастан алаңға шығып, ойнаған Рустам Мурзагалиев пен Саша Оразбековке. Өткен ойын сияқты бұл матчты да өз есебімізге жаза аламыз. Кей сәттерде шеберлік, кей сәтте шыдамдылық жетіспеген болуы мүмкін. Әрине, құраммен де мәселелер бар екені жасырын емес. Командадағы ең маңызды позицияда жарақатынан енді айыққан ойыншылар… Гриша Мотовиловты құрамға оралуын күтеміз».
Асқар Майдекин, «Астана» БК орталық ойыншысы:
«Матч алдында құрамға қатысты мәселелермен бетпе-бет келдік, алайда күрес көрсете білдік, жастар алға қарай бір қадам жасады. Жұмыс істеуді жалғастырып, сапалы баскетбол көрсетуге тырысып жатырмыз».
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |