«Астана» — «Уралмаш» матчының аңдатпасы

13.12.2024, 15:00    Оқылғаны: 151
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Екатеринбургтегі жарақаттар эпидемиясы…
 
«Уралмаш» ВТБ Бірыңғай Лигасы турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр (8 жеңіс, 10 жеңіліс) және Ростислав Вергун маусым басталғалы бері команда құрамын сынақтан өткізіп келе жатқандай және өткен жылғы жеңістер сериясын жасай алатын ұжым құруға тырысып жүргендей көрінеді. Бапкердің ойға алғаны көп нәрсесінің жүзеге аспауына жарақаттар кінәлі. Екатеринбургтік команда әлі де болса басты жұлдызы – Октавиус Эллистің құрамға қайта қосылуына күтіп отыр. Желтоқсанда ол алаңға шығады деген болжам бар. Бұған дейін команданың негізгі шабуылшысы Джавонте Дагластың (табанына ота жасатты) бір немесе одан көп уақытқа қатардан шығып қалғаны туралы ақпарат шыққан, жақында клубтың баспасөз қызметі бастапқы бестік ойыншыларының бірі Тайрелл Нельсонның да ота жасатқаны туралы хабарлады.  Осы жағдайлардың бәрі әсер еткен болар, клуб Самарадағы жағдайды пайдаланып, америкалық Хэйден Далтонды қатарына қосты. «Уралмаш» үшін жақсы жаңалықтардың бірі – команда капитаны Антон Глазуновтың қатарға қайта қосылуы. Ойынның шешуші сәттеріндегі оның өзіне ғана тән үш ұпайлық соққыларын жанкүйерлер сағынған болуы мүмкін… Екатеринбургтік команданың шабуылдаушы қорғаушысы Джеремайя Мартин шабуылға мол үлесін қосып келеді (орта есеппен қараша айында 18.6 ұпай, нәтижелілік бойынша ВТБ Бірыңғай Лигасы көшбасшысы), одан әріптесі Стэнли Уиттакер де қалысар емес (орта есеппен қараша айында 17.0 ұпай).
 
«Уралмаш» соңғы екі ойында жеңіліс тапқанын айта кету керек. Алдымен команда өз жанкүйерлері алдында «Локомотивтен» (83:90), артынша сырт алаңда «Пармадан» жеңілді (88:85).
 
Кездесулер тарихы
 
В чемпионате Единой Лиги ВТБ команды встречались 5 раз, в 4 из них побеждал «Уралмаш», одна победа за «Астаной» со счетом 80:72, это был первый матч между двумя командами в прошлом сезоне. 
 
«Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотников алдағы матч туралы:

- «ВТБ Бірыңғай Лигасында өнер көрсете бастаған уақытынан бері «Уралмаш» өзін сапалы баскетбол көрсететін команда ретінде танытты. Әртүрлі себептерге байланысты құрамда бірқатар мәселелер бар, соның салдарынан паркетте ойыншылардың жаңа байланысын байқап көріп жатырмыз.

Ойыншылардың ұлтына қарамауға тырысамын. Мен үшін оның алаңда командаға қандай пайдасын тигізе алатыны маңызды. Егер алаңда бір мезетте Қазақстанда туған 5 ойыншы ойнаған болса, бұл – жақсы. Алайда бір нәрсені сенімді түрде айта аламын, біз әр ойын сайын жақсара түсуіміз керек».

«Астана» БК орталық ойыншысы Андрей Десятников «Уралмашпен» ойын жайлы:

- Қарсыласымыз – мықты ойыншылардан жасақталған, барлық позицияда тепе-теңдік сақталған жақсы команда. Сырт алаңнан енді ғана оралдық, дайындық жүргізу үшін көп уақыт болған жоқ. Жаттығу жасап, қарсыласты зерттейміз және жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз. Жанкүйерлерді алаңда күтеміз, біз үшін олардың қолдауы маңызды. Матчқа келетін әр жанкүйерімізге ризамыз».

Матч: «Астана» – «Уралмаш»
Күні мен уақыты: 14 желтоқсан, 14:00  
Өтетін орны: Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы (Қабанбай батыр, 43).
Трансляция: клуб және ВТБ Бірыңғай Лигасы сайтында

Жанкүйер, сен бізге қорғаныста көмектесе аласың? Қалай? Трибунада қолдау арқылы. Бәріңізді матчта күтеміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»