Аңдатпа: «Астана» — «Локомотив-Кубань»

09.11.2024, 16:00    Оқылғаны: 173
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Алда айбатты қарсылас
 
ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионаты жалғасып жатыр және осы жексенбіде «Астана» өз алаңында турнирлік кестеде үшінші орында тұрған краснодарлық «Локомотив» командасын қабылдайды (9 жеңіс, 3 жеңіліс). Астаналық клубтың қарсылассы тек ЦСКА мен «Зениттен» жеңілген. Қарсылас туралы толығырақ жазып көрдік.
 
Жоққа шыққан болжамдар
 
Биылғы маусымаралық үзілістің басты жаңалығы — «Локомотив» клубы президенті Андрей Ведищевтің бапкерлер құрамына ауысатыны болды әрі ол Спорттық БАҚ көздерінде біраз талқылау туғызды. Команданың 2024/2025 жылдар маусымындағы өнерін көрмеуге болатынын, словениялық маман – Александер Секуличті қызметінен босату өрескел қателік екенін жазған. Алайда дәйект дәлелі жоқ осы пікірлердің барлығы тұрақты маусым басталған бойда жоқ болды және бәрі краснодарлық команданың ойынына іс жүзінде куә болды. Бапкерлік тәжірибесі жоқ жан үшін нәтиже таңғаларлық – команда маусым басындағы тоғыз матчтың бәрінде жеңіске жетті. «Автодор» аңызы Владимир Родионов рекорды да жаңарды. Ол бас бапкер қызметінде қатарынан 7 матчта жеңімпаз атанған.
 
Краснодарлық команданың жеңістер сериясы красноярскілік «Енисеймен» (88:65) ойында басталып, 27 қазанда ЦСКА-мен өткен күрделі матчта аяқталды — 91:92. Артынша команда «Зениттен» (71:77), кейін «ПАРМА-дан» (79:81) жеңілді. Андрей Ведищев матчтан кейінгі баспасөз мәслихаттарының бірінде жеңістер сериясының аяқталғанына өкінбейтінін, мұндай сәттіліктің командаға плей-офф кезеңінде қажет болатынын айтты.
 
Командалық ойын
 
«Локомотивтің» маусымды жарқын бастауына қарап отырып, бірнеше қорытынды шығаруға болады. Біріншіден, 2024/2025 жылдар маусымына құрам жасақтау кезінде клуб басшылығы тәжірибелі шетелдік ойыншылар мен болашағынан үміт күттіретін ресейлік баскетболшылардың командадағы тепе-теңдігін сақтай білді. Бұл кез келген команданың қолынан келе бермейтін жұмыс. Краснодарлықтар бұл «философияға» бірнеше жылдар бері берік әрі бұл – команда үшін спорттық нәтиже жағынан да, Ресейдегі баскетболды дамыту тұрғысынан да win-win жағдай. Екіншіден, өткен маусымда «Локомотив» құрамынан Девон Акун-Перселл жекедара көзге түссе, биыл Андрей Ведищев бастаған команда сапында мұндай көшбасшы ойыншы жоқ. Команданың ең көп ұпай жинаған ойыншылары – Патрик Миллер (14.2 ұпай), Антониус Кливленд (11.9 ұпай), Би Джей Джонсон (11.1 ұпай). Үшіншіден, краснодарлықтардың алмастыратын ойыншыларының көп болуы қарсыласына кедергі келтіруі мүмкін (орта есеппен алаңда 18 минут), Кирилл Елатонцев (18 минут), Владислав Емченко (16 минут).
 
Кездесулер тарихы:
 
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатында командалар өзара 20 кездесу өткізген. «Локомотив» 14, ал «Астана» 6 жеңіске қол жеткізген. 2024/2025 жылдар маусымында командалар бір рет кездесіп, онда «Локомотив» 127.84 есебімен жеңіске жетті.
 
Қарсылас құрамында ескі «жақсы таныстар» бар ма?
 
Иә, 2024/2025 жылдар маусымында «Локомотив-Кубань» командасының құрамын шабуылдаушы-қорғаушы, қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ойыншы Карвел Андерсон толықтырды. Осыдан бір жыл бұрын «Астана» сапында ойнай жүріп, ол өте көп ойын уақытын алды (32 мин) және әр матчта 16.1 ұпай еншілеп, әріптестеріне 2.8 нәтижелі пас берді.
 
“Астана” БК бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотников алдағы матч туралы:
«Локомотив – Лиганың ең жылдам командасы. Олардың соңғы уақыттағы сәтсіздіктері қарсыласты екі есе қуатты ете түседі. Себебі, мотивациялары жоғары. Бірінші кезекте бізге шабуылда да, қорғаныста да – өз ойынымызға зейін қойып, қолымыздан келгеннің бәрін жасау керек. Сонда ғана лайықты қарсылық көрсете аламыз».
Матч: Астана – Локомотив-Кубань
Күні мен уақыты: 10 ноября, 16:00
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: «Астана» КБК және ВТБ Бірыңғай Лигасы сайттары
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»