«Автодордан» жеті ұпаймен айырмашылығымен жеңілдік

31.10.2024, 12:30    Оқылғаны: 248
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бірінші ширекте екі команда да тең ойын өрнегін көрсетті. Матч Саратов қаласы командасының баста снайпері Калеб Огаданың үш ұпайлық соққыны дәл орындауымен басталды. «Астана» болса, Маркелл Джонсонның Галин Смитке берген екі дәл аллей-упның арқасында жақсы ойын қарқынына ие болып, он минут жақсы нәтиже көрсетті. Кездесудің алғашқы бөлігі Рустам Мурзагалиев пен Дэниэль Утоми үшін де сәтті болды.
 
Келесі ойын бөлігінің алғашқы екі минутын «Астана» сәтті өткізіп, тіпті есепте алға шықты – 25:21. Алайда әрі қарай ойынның тағдырын шешетін сәт орын алып, қарсыластың жаңа түркиялық ойыншысы Керем Кантер қарқынын күшейтіп, өзінің қабілетін көрсетті (12 ұпай, ойынның бірінші жартысында 6 рет допты алды). Оның үстіне Виталиус Пранаускистің алаңға шығуы Глеб Плотниковтің шәкірттеріне қорғаныста біраз мәселе тудырды. Алаң иелері үзіліске 41:35 есебімен аттанды.
 
«Астананың» үшінші он минуттық басында ұйымдастырған бірнеше шабуылы жеңіс үшін күресуге үміт сыйлаған, алайда ширектің ортасына қарай «Автодор» 9:0 есебімен алға кетті. Орталық ойыншы Андрей Десятниковтің допқа талас жүргізу кезінде алған жарақаты жағдайды одан әрі қиындата түсті. Данил Походяев пен Даниэль Утомидің бірнеше үш ұпайлық соққылары есеп айырмасын 12 ұпайға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
 
Қорытынды ширекте қарсылас ойынды өз бақылауында ұстап, жеңіске қол жеткізді. Маркелл Джонсон кездесу соңына қарай ғана өз соққысын тауып, есеп айырмасын 7 ұпайға дейін қысқартты.
 
«Автодор» — «Астана» 88:81 (17:18, 24:17, 23:17, 24:29)
«Автодор»: Керем Кантер (20 ұпай, 8 рет допты алу) Калеб Огада (19 ұпай, 10 рет допты алу, 14 пас), Виталиус Пранаускис (14 ұпай)
«Астана»:  Маркелл Джонсон (24 ұпай, 12 пас), Даниэл Утоми (21 ұпай), Галин Смит (14 ұпай, 6 рет допты алу)
 
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің м.а.:
- Матчтың алғашқы жартысынан кейін концентрациямызды жоғалтып алдық, ВТБ Бірыңғай Лигасында мұндайға жол беруге болмайды. Лиганың деңгейі өте жоғары. Қарсылас қателіктерімізді кешірген жоқ. «Автодорды» жеңісімен құттықтаймын. Бүгін олар бізге қарағанда жақсырақ ойнады.

Миленко Богичевич, «Автодор» БК бас бапкері:
- Алдымен, бүгін – бапкерлер күні және барлық әріптестерімді осы мерекемен құттықтап, істеріне сәттілік, табысты маусым мен жаңа жеңістер тілеймін! Бұл – біз үшін маңызды жеңіс. Осындай ойын келесі кездесулеріміздің алдында бізге сенімділік береді. Бірде-бір жеңіске қол жеткізбеген командаларға қарсы ойнау, шынын айтқанда, әлдеқайда қиын. Бірінші ширекке қарасаңыз, кішкене қобалжыдық, алайда әрі қарай ашық соққыларды орындап, есепте алға шыға алдық. Жаңа бапкерге сәттілік тілеймін. «Астана» — жақсы команда, осы маусымда өз ойындарын табатындарына сенімдімін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»