Қонақтағы сериялардың нәтижелері
«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда екі матч өткізді.
Астаналық клуб алғашқы ойынын 25 қыркүйек күні Краснодарда «Локомотив-Кубань» командасына қарсы өткізді. Матч біздің командамыздың пайдасына шешілмеді, кездесудің алғашқы минуттарынан бастап алаң иелерінің басымдығы байқалды. Бірінші ширектің соңына қарай «Локомотив» 30:22 есебімен алда тұрды, және есеп айырмасы кездесу барысында тек ұлғая берді. Қорытынды есеп — 127:84. Краснодар қаласы командасының жеңісі.
29 қыркүйек күні Пермь қаласында «Астана» жергілікті «ПАРМА» командасына қарсы ойнады. Кездесуде екі команда тең дәрежедегі ойын өрнегін көрсеткенімен, екінші ширектен бастап алаң иелері есеп айырмасын ұлғайта бастады. Үлкен үзілістің алдында «ПАРМА» айқын басымдықпен есепте алда тұрды. Матч барысында көшбасшы ойыншыларымыздың бірі Ти Джей Старкс жарақат алып, ол команданың шабуылдағы әрекеттеріне кедергі келтірді. Қорытынды есеп — 95:63 «ПАРМА» пайдасына.
Енді команда алдағы матчтарына дайындық жүргізіп жатыр. 2 қазан күні «Астана» былтырғы маусым чемпионы ЦСКА баскетбол клубымен кездеседі.