ВТБ Бірыңғай лигасы маусымын жеңіспен аяқтадық!

14.04.2024, 17:00    Оқылғаны: 148
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Жексенбі күні «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы биылғы маусымындағы соңғы ойынын өткізді, Фотиос Такианос бастаған команда өз алаңында «Самараны» жеңді. 

Кездесу тартысқа толы болды: төрт ширектің бәрінде ешбір команда үш не одан көп ұпай айырмашылығымен жеңіске жеткен жоқ. Осылайша, командалар жеңімпазды овертаймда анықтап, онда қазақстандық баскетболшылар қарсыласынан басым түсті — 94:92. 

Маркелл Джонсон (39 ұпай, 5 пас) ойынның сөзсіз көшбасшысы атанса, Девин Дэвис (19 ұпай, 11 допты алу) пен Вадим Щербак (12 ұпай) та жақсы ойын өрнегін көрсетті. 

«Астананы» жеңісімен құттықтаймын. Дайындық туралы айта кетейін: осы матчты қатты жеңгім келді, алайда баскетболшылар мен үшін ойынға келмеді. Бұл туралы бірінші рет айтып отырмын. Бапкер ретіндегі қателігім осы жерде. Менің ойымша, спортта мұндай менталитет болмауы керек», — деп ойынды қорытындылады «Самара» бас бапкері Дражен Анзулович. 

Біздің командамыз үшін маусым әлі аяқталған жоқ: мамырда «Астана» ҚР Суперкубогы мен Батыс-Азия Суперлигасында бақ сынайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»