Фотиос Такианос: «Күшіміз жетпей қалды» 

04.04.2024, 22:30    Оқылғаны: 1275
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері «Рунамен» ойынды қорытындылады.

— Ойынды екі бөлікке бөліп қарауға болады: алғашқысын матчты бақылауға қажетті концентрациямен бастаған жоқпыз. Кездесу барысында қарсыластың шабуылшыларын тоқтатындай қорғаныста жақсы ойнадық. Сонымен қатар, жақсы шабуылдар ұйымдастыра білдік. Үлкен үзіліске жеті ұпай айырмашылығымен аттандық. Матчтың екінші жартысында, өкінішке қарай, құрамда кейбір ойыншылардың жетіспейтіндігі сезілді. Команда шаршағандықтан, соңғы екі ширекте қорғаныста айтарлықтай көп қате жібердік. Қарсыласымыз өзінің үздік ойыншыларының арқасында есептегі айырмашылықты жылдам қысқарта алды. Ойынға қайта оралғымыз келді, ойыншылардвң бар қалауы осы болды, бірақ күшіміз жетпеді. 

Жағдай осындай. Күресті жалғастыруымыз керек. Енді үш ойын қалды, маусым соңында бірнеше жеңіске қол жеткізуге тырысуымыз қажет. Ойыншыларға тағар мінім жоқ, олар бар күштерін салып жатыр, бірақ баскетбол дегеніміз — осы. Қырық минут бойы ойында болу үшін баскетболшылар қатары көп болу керек. 

Қарсыласты жеңісімен құттықтаймын. Біз келесі ойынға дайындаламыз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»