«Рунаға» жол бердік

04.04.2024, 22:00    Оқылғаны: 164
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы өз алаңындағы соңғы ойындарын бірін мәскеулік «Рунаға» қарсы өткізді.

«Сарыарқа» велотрегіне команданы қолдау үшін келген жанкүйерлер тартысқа толы кездесуге куә болды. Бірінші ширек мәскеулік команданың пайдасына шешілгенімен, «Астана» үлкен үзіліске «+7» ұпай айырмашылығымен аттанды. Дегенмен, кездесудің екінші жартысында «Руна» ойынға қайта оралып, жеңіске жетті — 79:87.

Командамыз сапынан Маркелл Джонсон (27 ұпай, 6 пас), Джордан Скиппер-Браун (16 ұпай) мен Рустам Мурзагалиев (12 ұпай, 5 допты алу) матчтың үздік ойыншылары деп танылды. 

«Екі команда үшін де оңай кездесу болған жоқ, екеуі де қиындықтарға тап болды. Үлкен үзілістен оралғаннан кейін, қорғаныста ақылды және агрессивті түрде ойнай бастадық. Командамды маңызды ойындағы жеңіспен құттықтаймын. Енді бізді бұдан да маңызы жоғары ойын күтіп, Мәскеуде МБА командасымен кездесеміз», — деді ойыннан кейін «Руна» бас бапкері Эртугрул Эрдоган. 

Өкінішке қарай, қазақстандық команда ВТБ Бірыңғай лигасы плей-ин кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Бұл кезеңге шығу үшін жолдамаға таласта тек МБА мен «Руна» командалары қалды. 

Енді команда сырт алаңдағы ойындар сериясын өткізеді. Ал 14 сәуір күні тұрақты маусымдағы соңғы ойынды өткізіп, өз алаңымызда «Самараны» қабылдаймыз. 
Билеттер жақын арада сатылымға шығады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»