Фотиос Такианос: «Ойыншылар алаңда барын салды» 

19.03.2024, 00:30    Оқылғаны: 166
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос Мәскеуде «Рунаға» қарсы өткен жеңісті ойынды қорытындылады. 

— Қарсыласымыздың осал емес екенін білдік. Бұл жеңістің мақсатымызға жетуде маңызы зор. Бірінші ширекте есепке алмағанда, ойында басымдық біздің жағымызда болды деп есептеймін. Соққыларды жүзеге асыру көрсеткіші мен пастар саны көптігіне назар аудару керек. Бэккортымыз ауқымды жұмыс атқарды. Баскетбол қалқанындағы ойынды бақылауда ұстадық, бірнеше рет қиын жағдайлардан шыға білдік. Бүгін ойыншыларымыз алаңда бар жанын салып ойнады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»