Евгений Овсянников бастаған баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия Кубогы іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізді.
Оқу-жаттығу жиынына негізгі команданың барлық қазақстандық ойыншысы шақырту алды: Рустам Мурзагалиев, Вадим Щербак, Роман мен Максим Марчуктер, Дмитрий Гаврилов, Руслан Айтқали, Асқар Майдекин, сондай-ақ «Астана Академия» баскетболшысы Александр Оразбеков. Нәтижесінде, Александрдан басқа баскетболшыларымыздың бәрі Үндістан мен Қатарға қарсы ойындарға қатысты.
23 ақпанда ұлттық құрама өз алаңында Үндістанды (63:50) жеңді, Рустам Мурзагалиев 18 ұпай олжалады. Оның үш ұпайлық соққы жасайтын 13 мүмкіндігі болып, оның алтауын жүзеге асырды. Сонымен қатар, «Астана» капитанының еншісінде 4 допты алу, 3 нәтижелі пас пен 2 допты тартып алу бар.
Одан соң құрама командамыз Қатарға аттанып, қиын ойында 68:73 есебімен жеңіске жетті. 18 ұпай еншілеп (7 үш ұпайлық соққының 5-уін жүзеге асырды!), 5 рет допты алған Вадим Щербак матчтың үздік ойыншысы атанды.
Сондай-ақ, «Астана» ойыншылары қатарынан Рустам Мурзагалиев (15 ұпай, 4 допты алу, 5 нәтижелі пас) пен Максим Марчук (2 ұпай, 10 допты алу, 2 пас, 2 рет допты тартып алу) ерекше көзге түсті.
Енді «Астананың» қазақстандық ойыншылары легионерлерге қосылып, Фотиос Такианостың қол астында ВТБ Бірыңғай лигасы көктемгі матчтарына дайындықты жалғастырады. Халықаралық үзілістен кейінгі алғашқы ойын 3 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, команда өз алаңында «Пари Нижний Новгород» ұжымын қабылдайды. Ойынға билеттерді Ticketon және «Давай Сходим!» сайттарынан сатып алуға болады:
https://taplink.cc/astanabasket