Ройс Хэмм – аптаның үздік бестігінде!

11.12.2023, 18:00    Оқылғаны: 177
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТб Бірыңғай лигасы Ройс Хэммды аптаның символдық бестігіне енгізді.

Естеріңізге сала кетейік, «МИНСКПЕН» қонақ матчында біздің ойыншы 25 ұпай жинады, сонымен қатар 14 рет допқа бірінші жетіп, 3 блокшот жасады. Оның тиімділігі 37 ұпайды құрады.

Сондай-ақ, бестікке Алекс Таюс («Руна»), Антон Астапкович (ЦСКА), Джален Рейнольдс (УНИКС) және Би Джей Джонсон («ПАРМА») кірді.

Сонымен қатар, Ройс қазір лиганың үздік бес мергенінің қатарына кіреді: оның чемпионаттағы үш ұпайлық соққысы 50% құрайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»