U-23 Қазақстан Кубогы –біздікі!

07.12.2023, 15:00    Оқылғаны: 158
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана Жастар» Павлодарда өткен U-23 Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.

Жарыстың бірінші туры 2-6 қараша аралығында өтті, екіншісі 3 желтоқсанда басталып, плей-оффқа жалғасса, соңғы ойын күні бүгін өтті.

Антон Пономаревтің командасы турнирде барлық 8 матчта жеңіске жетті, финалда Aqtobe фарм-клубын 64:52 есебімен жеңді.

Турнирдің күмісін Aqtobe фарм-командасы алса, қола жүлдегер – Ertis.

Турнир қорытындысы бойынша «Астана Жастар» ойыншысы Мұхаммедәли Сайранов Кубоктың үздік форварды атанды.

«Біздің басшылықты, менің командамды және бізді қолдағандардың барлығын осы жеңіспен құттықтағым келеді! Балалар қиын матчтарда мінез көрсетіп, «Астана» үшін алғашқы U-23 кубогын алды. Енді біраз демалып, әрі қарай жұмыс істейміз, бастысы мұнымен тоқтап қалмау! Барлығына қолдау көрсеткені үшін рахмет!»,- деді жеңістен кейін «Жастар» бас бапкері Антон Пономарев.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»