Фелипе Хасе: «Жанкүйерлерге қолдауы және энерниясы үшін көп рахмет!»

25.10.2023, 23:00    Оқылғаны: 313
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» форварды Фелипе Хасе «Автодормен» матчты қорытындылады.

– Бұл өте ауыспалы матч болды. Біз ойынға бірнеше рет оралған жақсы командаға қарсы ойнадық. Дегенмен, біз өз жоспарымызды ұстануды жалғастырдық, бапкер штабы бізге тапсырған нәрсені істедік. Жалпы, бұл жақсы ойын болды. Біз жоспарлағанымызды орындадық және нәтижеге ризамыз. Бұл матч біздің команданың өскенін көрсетті.

Ендігі ойымыз келесі ойын туралы. ЦСКА – лига көшбасшысы, тәжірибесі мол өте мықты команда. Мен бұл клуб туралы бұрыннан білемін, баскетбол әлемінде танымал саналады. Дегенмен, біз бір-бірімізге сенеміз, командамызға және жаттықтырушылар штабының нұсқауларына сенеміз. Ертең біз ойын жоспарын біліп, соны ұстанамыз, жеңу үшін бәрін жасаймыз.

Сіздің энергияңыз бен қолдауыңыз үшін жанкүйерлерге көп рахмет! Толық алаңда ойнау өте керемет, сіздер бізді одан да көп ойнауға ынталандырасыз. Қазақстанды Республика күнімен құттықтаймын және сіздерден біздің ойындарға келулеріңізді сұрағым келеді.

Біз ойыны жақсы әсер қалдыратын командамыз. Бізде бүгінгі Ройс сияқты керемет данкаларды жасай алатын спортшылар бар. Бізді қолдап, матчтарға келуді жалғастырыңыз, алда көптеген жеңіс болады, әсіресе өз алаңымызда!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»