Ройс Хэмм – «Астана» ойыншысы!

11.07.2023, 13:17    Оқылғаны: 310
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Америкалық форвард кіші Ройс Хэмм «Астанамен» келісім-шартқа отырды.

Біздің жаңа ойыншы 1999 жылы 17 наурызда Техас штатының Хьюстон қаласында дүниеге келген. Баскетбол ойнауды мектеп қабырғасында бастаған. Ол 2017/18 маусымда NCAA студенттер лигасында Остиннің Техас университетінің «Техас Лонгхорнс» командасында дебют жасады. Ол бұл командада 2021 жылға дейін өнер көрсетті, содан кейін Лас-Вегастағы Невада университетінің құрамында NCAA-да соңғы маусымды өткізді. Ол лигада 122 матч өткізді, бір ойынға орташа есеппен 3.68 ұпай жинап, 4.16 рет допқа бірінші жетті.

Ойыншының кәсіби мансабы Бельгияда басталды, онда форвард 2022 жылы көшіп келді. Ол ел чемпионатында 8 матч өткізді (бір ойынға орташа есеппен 10.9 ұпай жинап, 5.3 рет допқа бірінші жетіп отырды), сондай-ақ ФИБА-Еуропа кубогында 8 ойынға (бір матчқа 12.3 ұпай және 4 рет допқа жету) қатысты.

Осы жылдың қаңтарында Ройс «Зенитке» қосылды, оның құрамында ВТБ Бірыңғай лигасында 26 ойын өткізді, бір ойынға орта есеппен 5.8 ұпай және 3.7 рет допқа бірінгі жету көрсеткішін жинады.

Ройс «Астана» сапында 17 нөмірмен өнер көрсетеді.

Біздің командаға қош келдіңіз және алдағы маусымда көптеген жеңіс тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»