«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасындағы маусымды аяқтады

26.03.2023, 20:00    Оқылғаны: 587
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты аяқталды.

«Астана» соңғы матчты Беларусь астанасында өткізді, өкінішке қарай, бұл жолы алаң қожайындарын жеңе алмады. Кездесудің бірінші жартысы Олег Киселев командасының сенімді басымдығымен өткенімен, кейіннен «Минск» еңсе тіктеп, қазақстандық клубты 84:69 есебімен жеңе алды.

«Астанада» Маркелл Джонсон мен Майкл Майерс, сондай-ақ 22 ұпай жинаған Валерий Лиходей ерекше көзге түсті.

Осылайша, елордалық клуб «Б» тобында бесінші орынды иеленді, кестеде «Минскіден» озық тұр, еншісінде бес жеңіс бар.
 

Кейбір статистикалық көрсеткіштерді бөлек атап өткен жөн.

Кваме Вон (14.2) және Маркелл Джонсон (14) бір ойынға орташа ұпай бойынша команданың көшбасшылары болды, ал допқа бірінші жету саны бойынша көшбасшылық Майкл Майерстің еншісінде (бір матчқа орташа есеппен 8.1 рет). Майк осы көрсеткіш бойынша тұрақты чемпионаттың екінші үздік ойыншысы болды – тек ЦСКА ойыншысы Никола Милутинов (кездесуге 9.1 рет) қана алда. Сондай-ақ, желтоқсан айында Мәскеудің МБА-на қарсы ойында ол бірден 18 рет соққы жасады, бұл лигадағы маусымның рекорды болды.

Басқа көрсеткіштерге келетін болсақ, ең көп тосқауылдарды (1.8) және нәтижелң пастарды (4.9) аты аталған Маркелл Джонсон жасады.

Турнирдің осы маусымында команда капитаны Рустам Мырзағалиев мансабындағы ең үздік кезеңін өткізді деуге болады. Ол бір ойынға орташа есеппен 20 минутты алаңда өткізді (өткен маусымдағы бұл көрсеткіш 18:33-ке тең болды). Сондай-ақ, кэп ойынға орташа ұпай саны бойынша біршама өсті (өткен маусымда 6.0-ден 5.6-ға дейін) және «ПАРМА-ПАРИ» матчында ВТБ Бірыңғай лигасында 17 ұпай жинап, өзінің рекордын қайталады.

Жалпы, қазақстандық ойыншылар көп ойын уақытын алғанын атап өткен жөн: Рустамнан басқа, Максим Марчук (21:50), Вадим Щербак (15:10) және Олег Балашов (15:00) бір ойында орта есеппен кемінде 15 минут өткізді. Сонымен қатар, ВТБ Бірыңғай лигасында «Каспийден» елордалық клубқа ауысқан 20 жастағы Александр Оразбеков дебют жасады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»