ВТБ Бірыңғай лигасының үй ойындары аяқталды

13.03.2023, 22:00    Оқылғаны: 561
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Самарадан» жеңіліп, ВТБ Бірыңғай лигасының осы маусымдағы соңғы үй матчын өткізді.
 
Қонақтар ойынды жылдам бастады, соңғы кезеңде алаң иелері ұпай айырмасын қысқартқанымен уақыт жетпеді. Қорытынды нәтиже – 73:92 «Самараның» пайдасына. 
 
«Астана» құрамында Маркелл Джонсон (29 ұпай, 7 рет допқа жету, 5 пас) және Рустам Мырзағалиев (12 ұпай, 5 пас) ерекшеленді. 
 

«Біз Пермьде өткен қиын матчта қарсыласқа жол бердік. Осы жолы да оңай нәрсе күтілген жоқ, уақыт айырмашылығы бар, оған қоса, бұл біздің қонақтағы қатарынан екінші кездесуіміз. Күшіміз жетпей қала ма деп қорыққан едік, бірақ бәрін жақсы бастадық. «Астана» бірнеше ойыншысын шығара алмады, бізде де сондай жағдай болды. Бірінші кезеңді жақсы өткіздік, одан әрі шамалы босаңсып, Джонсонның көбірек көзге түсуіне жол бердік. Жеңіске ризамыз. Бұл алаңда ұпай алу қиын, бірақ біз жүзеге асырдық. Плей-оффқа шығу жолындағы бәсекені жалғастырамыз», — деді қонақтардың бас бапкері Сергей Базаревич ойыннан соң. 
 
Команданы қолдауға отандық орындаушылар – V $ X V PRiNCE пен Евро Союз келді. Бұған қоса, аталмыш кездесу экоматч мәртебесіне ие болды, әрбір жанкүйер пайдаланылған түрлі-түсті пластикалық қақпақтарды арнайы панельге бекітеді, ол Біріккен ВТБ Лигасының басқа командаларының матчтарында біртіндеп толтырылып, маусымның соңында ауқымды, экологиялық таза өнер объектісіне айналады. 
 
Алда Олег Киселев командасын «Автодорға» (16 наурыз), «Енисейге» (19 наурыз), «ПАРМА-ПАРИГЕ» (22 наурыз) және «Минскіге» (26 наурыз) қарсы ойындар күтіп тұр. Ал Астанаға үлкен баскетбол 30-31 наурызда оралады, Олег Киселевтің командасына «Тобыл» қарсы тұрмақ. Қазақстан ұлттық лигасы аясындағы матчтар «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»