«Астана» финалда!

10.02.2023, 20:00    Оқылғаны: 573
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Атырауда кезекті ойын күні аяқталды. «Астана» Қазақстан Кубогының финалына қайта шығып, өз тарихындағы оныншы титулы үшін таласады.

Жартылай финалдық кездесуде «Ақтөбені» 78:57 есебімен жеңдік.

Матчта Рустам Мырзағалиев (15 ұпай, 5 рет допты алу, 3 нәтижелі пас және 3 тосқауыл), сондай-ақ Дмитрий Гаврилов (16 ұпай, 6 рет доп алу, 3 пас) өздерін жақсы көрсетті. Александр Оразбеков нәтижелі пас саны бойынша көшбасшы болды (9), сондай-ақ 5 айып добының 5-ін сәтті іске асырды.

Қарсылас туралы айтатын болсақ, «Ақтөбе» құрамындағы үздік ойыншы Константин Нефф болды – елордалық клубтың бұрынғы ойыншысы 20 ұпай жинап, 3 рет доп алу жасап, 3 рет тосқауыл жасады.



Тағы бір жартылай финалдық матчта алаң иелері, Кубоктің қазіргі жеңімпазы — «Атырау Барыстары» алматылық IRBIS-тен жеңіліп қалды. Сонымен, бізді екі астананың тағы бір шайқасы күтіп тұр.

Финал 11 ақпанда өтеді және Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»