«Локомен» ойнаймыз: матчқа превью

20.01.2023, 10:00    Оқылғаны: 642
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатының бірінші кезеңінің қорытынды матчын өткізеді.

Қарсылас — Краснодар қаласының «Локомотив-Кубань» ұжымы. Естеріңізге сала кетейік, клуб 1946 жылы Минералды суда құрылды және көптеген жылдар бойы КСРО мен Ресей лигаларында ойнады. 2000 жылы «Локо» Санкт-Петербургтің «Спартагын» финалда жеңіп, баскетболдан Ресей Кубогының тарихындағы алғашқы иегері болды.

2003 жылы команда Ростов облысына, ал алты жылдан кейін Краснодарға көшті. ВТБ Бірыңғай лигасында «теміржолшылар» 2011/12 маусымнан бастап өнер көрсетіп, төртінші орынға ие болды.

Турнирдегі «Локоның» басты жетістігі – 2012/13 ұтыс ойынындағы күміс, финалда команда Мәскеудің ЦСКА-нан жеңілді. Сол маусымда Краснодар Еуропа баскетбол клубының екінші маңызды турнирі – Еурокубоктың жеңімпазы атанды.

Локомотив Кубань баскетбол клубы 2022/2023

Қазір Александр Секуличтің командасы плей-оффқа қатысады, турнир кестесінің жоғарғы алтылығында.«Локо» 21 матч өткізді, оның 11-н жеңіп, 10-да жеңілді.

Егер ойыншылар туралы айтатын болсақ, қаңтар айында «Денвер» мен «Галатасарай» экс-форварды Акун-Пурселл ДеВон командада дебют жасады. Оның бір ойындағы орташа ұпайы 18.5 құрайды, бұл — лигадағы ең жақсы көрсеткіш. Алайда, қазіргі уақытта американдық тек екі матчта ойнағанын ескерген жөн.

Акун-Перселл ДеВон

Сондай-ақ, «Астананың» бұрынғы ойыншысы Джейлен Барфордты (ойынға 16.3 ұпай), Даррал Уиллисті (матчқа 7.1 рет доп алу) және Александр Щербеневті (кездесуге 5.3 нәтижелі пас) ерекшелеп өту қажет.

«Астана» мен «Локомотив-Кубань» 16 рет кездесті, оның 11-де қарсылас жеңді. Қазақстандық клубтың құрамында 2012-2014 жылдары Краснодар командасында ойнаған Валерий Лиходей бар. Ағымдағы маусымда бүгінгі қарсыластар арасындағы алдыңғы кездесу «Локо» пайдасына 73:53 есебімен аяқталды.

Валерий Лиходей

«Локомен» кездесу – біз үшін тұрақты чемпионаттың бірінші кезеңіндегі қорытынды ойын. Жанкүйерлерімізді қызықты баскетболмен ғана емес, жеңіспен де қуантуға тырысамыз. Қиын ойын кестесіне қарамастан, біз бұған толығымен назар аударып, жұмылуымыз керек!» — деді ойын алдында «Астананы» бас бапкері Олег Киселев.

Матч «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, сағат 20:00-де басталады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»