«Ақтөбені» екі рет жеңдік

18.01.2023, 22:00    Оқылғаны: 391
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Ұлттық лига аясында кезекті үй сериясын өткізді. Қарсылас «Ақтөбе» болды.

Елордалық клуб екі жеңілістен кейін «Сарыарқа» велотрегі алаңында қарсыласын екі рет жеңді, есеп нәтижелері — 88:78 және 89:70.

«Ақтөбе» турнир кестесінде соңғы орында тұрғанына қарамастан, бірінші ойында команда алаң иелеріне қарсылық көрсете алды. «Астана» матчтың екінші жартысында ыңғайлы шотқа қол жеткізді. Қонақтар сериясының басты кейіпкері Джозеф Аллен болды (19+27 ұпай, 9+13 рет допты алу).

«Астанадан» Маркелл Джонсон (12+15 ұпай, 6+5 допты алу, 6+5 Пас), Валерий Лиходей (10+18 ұпай) және Вадим Щербак (9+15 ұпай, 2+1 тосқауыл) көзге түсті.



Олег Киселевтің командасы Ұлттық лиганың турнир кестесінде алға шықты. «Астана» 20 қаңтарда ВТБ Бірыңғай лигасы матчын өткізеді. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»