«Ақтөбемен» ойнаймыз: матчтарға превью

17.01.2023, 10:00    Оқылғаны: 539
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан ұлттық лигасының матчтары Астанаға оралады! 17 және 18 қаңтарда Олег Киселевтің командасы «Ақтөбені» қабылдайды.

Аталмыш клуб 2017 жылдың тамыз айында облыс әкімдігінің қолдауымен құрылды. 2018/19 маусымда клуб Жоғарғы лиганың чемпионы атанды, ал 2019/20 маусымда Ұлттық лигада дебют жасады.



Қазіргі уақытта команда турнир кестесінде соңғы орында тұрғанына қарамастан, қарсыласпен санасу керек: негізгі құрамның ойыншыларымен күшейтілген «Астана» фарм-командасы қонақта ойнаған кезде, ақтөбеліктер екі кездесуде де жеңіске жете алды.

Қарсылас сапынан атап өтуге болатын ойыншылар: ресейліктер Борис Назмутдинов (матч үшін орташа есеппен 12.6 ұпай, кездесуге 4.7 нәтижелі пас) және Иван Русецкий (матч үшін 11.5 ұпай және 3.1 пас), американдық Дариус Уильямс (бір ойынға 7.8 рет допты алу).

Сондай-ақ, осы аптада «Сарыарқа» велотрегі паркетінде ағымдағы маусымды «Астана» құрамында бастаған Константин Нефф ойнай алады.

Матчтар 17 және 18 қаңтарда сағат 20:00-де басталады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»