ЦСКА-мен ойнаймыз: матчқа превью

14.01.2023, 10:00    Оқылғаны: 537
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты чемпионатының бірінші кезеңі аяқталуға жақын — «Астана» алты командадан тұратын топ ішінде ойындар басталуға дейін бірнеше матч қана ойнайды.

Бүгін Олег Киселевтің командасы тағы да Ресейдің ең танымал клубы — Мәскеудің ЦСКА-мен кездеседі. Бұл жолы матч сыртта өтеді.

Ресейлің ұжым таныстыруды қажет етпейді. Мәскеу командасының тарихы 1923 жылдан ОЛЛС (шаңғы Әуесқойлары Қоғамы) негізінде құрылған ОППВ (Всевобуч тәжірибелік-көрме спорт алаңы) деген атпен құрылған кезден басталады. Команда қазіргі атауын 1960 жылы алды. Бұған дейін клуб ЦДКА (Қызыл Армияның орталық үйі) және ЦСК МО (Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубы) деп аталды.

Ғасыр ішінде ЦСКА Ресейдегі ең атақты және Еуропадағы ең титулды клубтардың бірі болды. Әскерлерилер КСРО-ның 24 дүркін чемпионы, Ресейдің 27 дүркін чемпионы. ВТБ Бірыңғай Лигасының чемпиондық атағын ЦСКА он рет жеңіп алды.

Халықаралық аренада Мәскеу клубы төрт рет Еуролиганы жеңіп алды және бірнеше рет Еуропа чемпиондар Кубогының иегері болды.

ЦСКА ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатында сенімді түрде көш бастап тұр: қазіргі уақытта әскерилер қатысқан барлық 20 матчта жеңіске жетті.

«Сарыарқа» велотрегіндегі  «Астанамен» матчта қазақстандық клубты баптаған Эмил Райковичтің командасы 101:64 есебімен жеңді.

Егер ойыншылар туралы айтатын болсақ, онда аты аңызға айналған Алексей Шведті (16.8 ұпай, бір ойынға 7.4 пас) және Никола Милутиновты (15.4 ұпай, 8.8 допты алу) ерекше атап өткен жөн.

Милутинов Лигадағы ойын үшін орташа рейтинг бойынша көш бастап тұр, алайда бұл көште «Астананың» ойыншысы – Майкл Майерс те бар.

«ЦСКА осы маусымда әлі бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ. Бұл ойында олар өздерінің мәселесін  шешетін болады, ал бізде чемпионат көшбасшысымен емтихан болады.» - деді «Астананың» бас бапкері Олег Киселев.

«Осы маусымда жеңілістерді білмейтін ЦСКА сияқты мықты қарсыласқа дайындалуға көп уақыт болған жоқ. Бірақ біз қарсыласпен мүмкіндігінше күресуге және жеңіске жетуге дайынбыз!» — деді капитан Рустам Мырзағалиев.

Ойын Мәскеу Баскет Холл аренасында өтеді және Астана бойынша сағат 17:00-де басталады. Көрсетілім біздің сайтта қолжетімді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»