«Ақтөбемен» матчтарға билеттер сатылымы ашық

12.01.2023, 10:00    Оқылғаны: 468
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ұлттық лига аясында «Ақтөбемен» матчтарға билеттер сатылымы ашылды.

Қарсыластар турнир кестесінде соңғы орында тұрса да, жанкүйерлер қызықты баскетбол күтуі керек. Бұған дейінгі Ақтөбедегі ойын екі жеңіліспен аяқталды, алайда сол кезде негізгі құрам Нижний Новгородта ВТБ Бірыңғай лигасы аясында ойнаған болатын. Сол себепті фарм командасының ойыншылары барған-тын. Енді Олег Киселевтің ұжымы «Астана» Қазақстанның ең атақты клубы екенін тағы бір дәлелдемек.

Матчтар 17 және 18 қаңтарда «Сарыарқа» велотрегінде сағат 20:00-де басталады. Бір билет екі ойынға да қатысуға мүмкіндік береді. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»