«Минсктегі» ірі жеңіс!

11.01.2023, 22:00    Оқылғаны: 469
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасындағы үй сериясын Беларусь чемпионы «Минскіні» жеңумен аяқтады. Есеп – 77:48.

Елордалық клуб бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қарсыласынан озық шықты, ал қонақтар қазақстандықтарды қуып жете алмады. Осылайша,«Астана» тұрақты чемпионаттың бірінші кезеңі аясында Беларусь клубымен екі кездесуде де жеңіске жетті.

Бас бапкер Олег Киселевтің айтуынша, маусымдағы ең ірі жеңіс допты қарсыластан тартып алудың арқасында қол жеткізілді. Майкл Майерс 11 рет допты тартып алып, осы көрсеткіш бойынша ЦСКА өкілі Никола Милутиновпен теңесті. (Бір ойынға 8.8). Сондай-ақ, американдықтың есебінде 13 ұпай, гол пасы және екі тосқауыл бар.

Сондай-ақ, Рустам Мырзағалиевті (14 ұпай), Даниил Аксеновты (13 ұпай, 7 рет допты тартып алу), Маркелл Джонсонды (12 ұпай, 6 пас) және Кваме Вонды (12 ұпай, 5 рет допты тартып алу) атап өткен жөн.

Осылайша «Астана» мен «Минск» өзара кездесулердің статистикасында теңесті. Командалардың әрқайсысында 10 жеңістен бар.
 

«Қарсыласты құттықтаймын, олар бүгінгі матчқа өте жақсы дайын болды, қорғаныста да, шабуылда да сапалы ойнады. Сандар сөйлеп тұр: біздің бүкіл командадағы әрекеттеріміздің тиімділігі қарсыластың 104-не қарсы 33-ті құрады. 10 пас жасап, 20 рет топтан айырылдық, көптеген бос лақтыруларды жіберіп алдық. Сондықтан мұндай ойынмен қандай да бір оң нәтижеге сенудің қажеті жоқ шығар», — деді «Минскінің» бас жаттықтырушысы Ростислав Вергун матчтан кейін.

Алда «Астана» Мәскеуде ЦСКА-ға қарсы матч өткізеді, ол 14 қаңтарға белгіленген. Ал 17 және 18 күндері команда ұлттық лигада «Ақтөбемен» ойнау үшін туған паркетіне оралады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»