«Самарамен» ойнаймыз: матчқа превью

04.01.2023, 10:00    Оқылғаны: 725
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Жаңа жылдық мерекелер артта қалды, бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында қаңтардағы үй сериясының алғашқы матчын өткізеді.

Бұл жолы Олег Киселев шәкірттерінің қарсыласы – «Самара». Біз бұл клубтың 1976 жылы КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Генрих Приматовтың бастамасымен сол кезде Куйбышев деп аталатын қалада құрылғанын айттық.  Басында команда «Құрылысшы» деп аталды.

2003 жылдан бастап «Самара» балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға баса назар аударды, ал 2012 жылдың жазында клуб кәсіби мәртебесін қайтарды. Команда екі рет Суперлига чемпионы атанды (2018/19 және 2020/21 жылдары) және екі рет Ресей Кубогін жеңіп алды (2019/20 және 2021/22). ВТБ Бірыңғай Лигасындағы бұл маусым клуб үшін дебют саналады.

Ойыншы ретінде «Астананың» бас бапкері Олег Киселев 1998/99 және 2000/02 маусымдарында «Самара» сапында өнер көрсетті. Ал 2006-2009 жылдары Ресей клубының бас бапкері «Астананың» бұрынғы бас директоры, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко болды.



Самара құрамында Маркос Найт сияқты білікті ойыншыны ерекше атап өткен жөн (әр ойынға орташа есеппен 16,1 ұпай, 4,9 рет допқа бірінгі жетіп, кездесу сайын 4 пас берген).

Қазақстандықтардың қарсыласы лиганың турнир кестесінде 6 жеңіс және 12 жеңіліспен 9-шы орында тұр, ал біздің командалар арасындағы алғашқы кездесу «Самараның» пайдасына 93:58 есебімен аяқталды.



Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, сағат 20:00-де басталады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»