УНИКС-ке қарсы матчтың билеттері сатылымда!

17.12.2022, 22:00    Оқылғаны: 463
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Қазан командасына қарсы ойынның билеттер сатылымы ашық.

Татарстаннан келген Клуб ВТБ Бірыңғай лига кестесінің жоғарғы жағында, 16 ойыннан екі матчта ғана жеңіліп қалды — әзірге қазандықтар тек ЦСКА-ға есе жіберіп келеді. Айта кету керек, қазіргі чемпион «Зенит» Велимир Перасович командасынан екі рет ұтылды.

«Астана» қазан айының ортасында Қазандықтармен алғашқы кездесуін өткізді — Олег Киселевтің шәкірттері сырт алаңда ұтылды. Үйдегі ойында қазақстандықтар күзгі жеңіліс үшін реванш алуға тырысады.

Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді және Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады.

Билеттерді Zakazbiletov сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»