«Астана» баскетболшылары Quantum STEM School мектебінде шеберлік сабағын өткізді

15.12.2022, 10:00    Оқылғаны: 1212
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» КБК SportQory спортты қолдау қорымен бірлесіп Quantum STEM School мектебінің жас баскетболшыларына шеберлік сабағын өткізді.

Рустам Мырзағалиев, Асқар Мадекин және Маркелл Джонсон оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, естелік ретінде барлық тілек білдірушілермен суретке түсіп, қолтаңба таратты. Сонымен қатар, біздің жігіттер балалармен бірге үш командаға бөлініп, доп лақтырып ойнады.

Семинарға Қордың маркетинг және PR менеджері Асқар Хамиден қатысты. Ол қатысушыларға SportQory ұсынатын қызмет пен мүмкіндіктер туралы айтып берді. 

Балалар мұндай мәнді жиынға қуанышын білдірді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»