«Автодормен» ойнаймыз: превью

13.12.2022, 10:00    Оқылғаны: 396
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті үй матчын өткізеді.

Қарсылас — Саратов қаласының «Автодоры». Дәл осы командаға қарсы елордалық ұжым чемпионаттың алғашқы матчын өткізді – сырт алаңда қазақстандықтар 72:94 есебімен жеңілді.

Қазір «Автодор» ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты кестесінде 9-шы орында тұр. Дарко Руссо командасының есебінде 5 жеңіс пен 10 жеңіліс бар. Қонақтардың көшбасшылары – Малик Ньюмэн (бір матчқа 14.9 ұпай), Брэндон Гаррет (бір матчқа 6.2 рет допқа жету) және Райан Боутрайт (бір матчқа 6.2 пас).

«Біз өз жанкүйерлеріміздің алдында, үйде ойнайтынымызға қуаныштымыз. Үлкен күш-жігермен жаттығу жасадық. Біздің толық құрамда болғанымыз маңызды. Мұны ойын барысында көрсетіп, бапкерлер штабының тапсырмасын орындай отырып, жанкүйерлерді және өзімізді сапалы ойынмен қуантамыз. Әр ойын қандай нәтижемен аяқталғанына қарамастан, құдды біо мереке сияқты. Бірақ, әрине, барлығы жеңіске жетуді қалайды және біз «Астанаға» жеңіс әкелу үшін барымызды аламыз. Алға!» — деді Даниил Аксенов матч алдында. 

«Біз үнемі дамып келе жатқан командамен кездесіп жатырмыз. Маусымның басында «Астана» нашар өнер көрсетті, бірақ қазір олар әлдеқайда жақсы ойнайды, әсіресе қорғаныста. Жақында біздің қарсыластарымыз тағы екі сапалы қорғаушыны – Вон мен Джонсонды қатарына қосты. «Астанаға» қарсы біз қайтадан толық құрамда ойнамаймыз. Гаррет, Боутрайт және Колесников бізге көмектеспейтіні сөзсіз. Загорац матчқа қатыса ма, жоқ па, оны әлі білмейміз, өйткені форвардты арқасы мазалайды. Бір күн бұрын температурасы көтерілген Пранаускис те қатыспауы мүмкін. Петенев Қазақстанға ұшып келді, бірақ соңғы 20 күнде бізбен бірге жаттығу жасамады. Қалай болғанда да, біз қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», — деді «Автодордың» бас жаттықтырушысы Дарко Руссо ойын алдында.

Бірқатар жеңілістерге қарамастан, «Астана» әр матчта жақсы ойнайды – мұны қарсылас командалардың өкілдері де атап өтеді. Сондықтан бүгінгі жекпе-жектен екі команданың да айтулы текетіресін күткен жөн.

Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, сағат 19:30-да басталады. Билеттер Zakazbiletov  сайтында қолжетімді.

Матчтың трансляциясын клубтың веб-сайтынан көруге болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»