Қарсылас — IRBIS: превью

06.12.2022, 10:00    Оқылғаны: 402
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетболшылары Алматыға келіп, IRBIS-ке қарсы Ұлттық лиганың матчтарын өткізеді.

Қазіргі уақытта алматылықтар турнир кестесінде бес жеңіспен және бес жеңіліспен үшінші орында, ал елордалық клуб екі ойынға аз ойнады және төртінші (екі жеңіс, екі жеңіліс) келеді.

«Астана» сәрсенбіде ВТБ Бірыңғай лигасының МБА-ға қарсы матчын өткізетіндіктен, оңтүстік астанаға Михаил Лоншаков бастаған фарм командасы келді, алайда ВТБ Бірыңғай лигасындағы тәжірибесі бар бірқатар ойыншылар қосылды: Дмитрий Гаврилов, Маркелл Джонсон, Кваме Вон, Игорь Каныгин, Руслан Айтқали және Валерий Лиходей.

Елордалық командаға Қостанай мен Ақтөбедегі жеңілістерден соң еңсе тіктеу маңызды. Бұл ретте алматылықтар «Сарыарқа» велотрегінде екі жеңілістен кейін реванш алу үшін жеңіске жетуге ынталы.

Алматылықтар сапында «Астананың» экс-ойыншылары: Роберт Пан, Николай Бажин және Исмаил Бимендин бар екенін ұмытпаған жөн. IRBIS-тің басқа көшбасшыларына американдықтар Аарон Феликс (бір ойынға орташа есеппен 18.3 ұпай) және Джейден Силс (бір ойынға 11.9 ұпай, 10.1 допқа талас) кіреді.

Екі команда үшін де алдағы жекпе-жектің маңызы жоғары.

Ойындар 6-7 желтоқсанда «Достық» спорт кешенінде өтеді, екі матч та сағат 20:00-де басталады. Көрсетілім клубтың веб-сайтында қолжетімді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»