«Ақтөбемен» ойнаймыз: қарсыласты таныстырайық

24.11.2022, 10:00    Оқылғаны: 487
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ұлттық лигадағы «Астананың» кезекті қарсыласы – «Ақтөбе». Елордалық клуб екі ойын өткізеді.
 
Қазіргі уақытта алаң қожайындары турнир кестесінде соңғы орында тұр. Ақтөбеліктердің қоржынында екі жеңіс және сегіз жеңіліс, ал «Астана» екінші орында тұр (төрт жеңіс және екі жеңіліс).
 
«Ақтөбе» көшбасшылары —  ресейлік баскетболшылар Иван Русецкий (матч үшін орташа есеппен 12.3 ұпай) және Борис Назмутдинов (12 ұпай, бір ойынға 4.9 рет). Сондай-ақ, Василий Петришинецті (әр ойында 5.7 рет допқа жетеді) атап өтуге тұрарлық.
 
«Астанаға» келетін болсақ, тығыз кестеге байланысты Ақтөбеге Михаил Лоншаков бастаған жас команда аттанды. Алайда, ВТБ Бірыңғай лигасында тәжірибелі баскетболшылар да бар: Асқар Майдекин, Руслан Айтқали және Игорь Каныгин.
 
Матчтар 24-25 қарашада өтеді және жергілікті уақыт бойынша 18:00-де (Астана бойынша 19:00-де) басталады.
 
Ойындардың көрсетілімін клубтың ресми сайтынан көруге болады.
 
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»