«Астана» ойыншылары №1 арнайы мектеп-интернатқа барды

15.11.2022, 16:00    Оқылғаны: 1191
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ойыншылары Олег Балашов, Асқар Майдекин және Даниил Аксенов елордадағы №1 арнайы мектеп-интернатта болды.



Кәсіби баскетболшылардың қадағалауымен балалар допты себетке лақтыруды үйренді, ал кіргізе алғандар сыйлықтардың иегерлері атанды. Сонымен қатар, оқушылардың өздері әр ойыншыға домбыра фигурасын ұсынды.


 
Жиын соңында ойыншылар барлық тілек білдірушілерге қолтаңба беріп, балалармен бірге естелік ретінде суретке түсті. Дене шынықтыру мұғалімдері клубтан естелік сыйлықтар алды.


 
«Мен бұл шараға қатысқаныма қуаныштымын, өйткені балаларды жақсы көремін. Мен оларға тәжірибемді бөлісіп, әртүрлі баскетбол дағдыларын көрсете алғаныма ризамын. Балалар да бізге ризашылығын білдірді, ең бастысы, бәрі шын жүректен болды», — деп әсерімен бөлісті Олег Балашов.
 
 
Мектеп оқушылары 18 қарашада «Сарыарқа» велотрегінде өтетін Мәскеудің ЦСКА-на қарсы үй матчына шақырту алды


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»