IRBIS-пен ойнаймыз: қарсыласты таныстырсақ

06.10.2022, 10:00    Оқылғаны: 581
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Ұлттық лигадағы үй матчтарының сериясын жалғастыруда және осы аптада елордалық команданың қонағы алматылық IRBIS.
 
2017 жылы құрылған клуб өткен маусымда Жоғары лигада жеңіске жетіп, (сол кезде команда «SC Qazaqstan» деп аталды) еліміздің элиталық дивизионына бірінші рет жолдама алды. Осының арқасында Қазақстан чемпионатына екі астананың – солтүстік және оңтүстік арасындағы текетірес оралды. Бұған дейін «Алматы легионы» Жоғары лигада өнер көрсеткен болатын, алайда бұл команда өткен маусымға қатысқан жоқ.
 
Алдағы бәсекеде «Сарыарқа» велотрегінің паркетіне «Астананың» бұрынғы ойыншылары: Роберт Пан, Николай Бажин және Исмаил Бимендиндер қайта оралады.
 
Сондай-ақ, Алматы клубының құрамында бес легионер бар: ресейліктер Глеб Толкачев пен Егор Захаров, серб Бурко Семин, сондай-ақ америкалықтар Аарон Феликс пен Джейден Сайлз.

Билеттер мына сілтеме арқылы қолжетімді Zakazbiletov.kz.

Команданы қолдауға келіңіз! Бізге сіздің қолдауыңыз қажет!

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»