Саратовта «Автодорға» жол бердік

04.10.2022, 23:00    Оқылғаны: 718
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы жаңа маусымының бірінші матчында «Автодордан» ұтылды.

Матч Саратовта өтіп, 94:72 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Матчта қазақстандық команданың көшбасшыларының бірі Даниил Аксенов болды, ол 21 ұпай жинады, 4 айып соққысын орындап, 6 мәрте допқа бірінші жетті. Одан әрі Валерий Лиходей (11 ұпай) және Асқар Майдекин (10 ұпай) тұр. 4 тосқауыл жасаған Дмитрий Гаврилов та көзге түсті. 

Қарсыластар құрамынан Райан Боутрайт (18 ұпай), Никита Михайловский (15 ұпай) және Никола Грбичтерді (13 ұпай) атап өтейік. Брэндон Гаррет 10 рет соққы жасады.

Олег Киселев — «Астана» БК бас бапкері, 2022/2023 маусымы

«Астананың» бас бапкері Олег Киселев «Автодормен» өткен матчтың нәтижесіне пікірін білдірді:

— «Автодорды» жеңісімен құттықтаймын! Қарсылас жақсы ойын көрсетті. Біз допты жақсы ұстаған және кездесудің соңғы секундтарына дейін жағдайды қолына алған Райан Боутрайтқа қарсылық көрсете алмадық. Сонымен қатар, біз алаң қожайындарына 17 рет допқа таласта жеңіліп, олардың жылдам серпілістерін тоқтата алмадық. Бұл – «Автодордың» өзіндік стилі. Үлкен үзілістен кейін олар өз ойынына түзетулер енгізіп, қорғанысын өзгертті, бірақ бұл нәтиже бермеді. Біз ұрымтал сәттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істеп жатырмыз және команданы өзінің соңынан еріте алатын көшбасшыны іздеудеміз. Енді үйге оралып, Мәскеудің МБА-сымен келесі матчқа дайындықты бастаймыз.
 

6 — 7 қазанда «Астана» ұлттық лигада IRBIS-ке қарсы ойнайды (билет сатып алу), ал 9 қазанда МБА-мен үй ойыны өтеді (билет сатып алу).

Сіздерді біздің команданың алдағы үй матчтарына шақырамыз! Бізге сіздің қолдауыңыз қажет!

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»