«Астананың» ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиыны өткен Ыстамбұлдан Қазақстанға оралды.
Негізгі құрам түрік клубтарымен бес бақылау матчын өткізді, жиындар аясында біз «Харемспор»,«Фенербахче» және «Истанбул ББ» командаларынан басым түстік. Сондай-ақ, команда «Бешикташ», Sigortam.net сияқты клубтарға қарсы ойнады.
Фарм-команда екі мәрте «Кадыкөйді» жеңді, сондай-ақ «Бейликдюзю», «Джеди Осман Академи», «Дарюшшафаки» және «Анадолу Эфес» жастар құрамаларымен бір-бірден кездесті.
Бүгін команда клуб Академиясының жаңа залында өтетін медиа-күнге қатысады.
«Астананың» барлық жанкүйерін 29 және 30 қыркүйекте өтетін «Атырау Барыстарымен» өтетін ойындарға шақырамыз. Билеттерді
сілтеме бойынша сатып алуға болады.