Vesti.kz — «Астананың» ақпараттық серіктесі

21.09.2022, 18:00    Оқылғаны: 313
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» кәсіби баскетбол клубы және Vesti.kz спорт интернет-порталы ақпараттық серіктестік туралы келісім жасасты.

Ынтымақтастық келісіміне сәйкес, Қазақстанның ең танымал спорт порталдарының бірі біздің команданың нәтижелерін хабарлап отырады, сондай-ақ сұхбат пен басқа да қызықты материалдарды түрлі форматта жариялайды.

«Vesti.kz порталының біздің ақпараттық серіктесіміз болғанына қуаныштымыз. «Астана» Қазақстандағы баскетболға деген сүйіспеншілікті жаңа деңгейге көтермек және осы тұрғыда ауқымды, сапалы порталмен бірлесіп жұмыс істеу бізге міндетті түрде осы маңызды миссияның орындалуына көмектеседі. Біздің серіктестігіміз жемісті және өзара тиімді болатынына сенеміз», — деп атап өтті «Астананың» бас директоры Самсон Аракелян.

«Ұлттық лиганың, сондай-ақ ВТБ Бірыңғай лигасының басталуы қарсаңында, Vesti.kz редакциясы мен «Астана» баскетбол клубы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді. Бұл біздің порталдың он жылдық мерейтойы қарсаңында болғаны қуантады. Біз қолдан келгенше баскетболды көпшілікке насихаттап, спорттың осы түріндегі көшбасымыз «Астананың» жетістіктері туралы өз парақшаларымызда және басқа да форматтарымызда баяндайтын боламыз. Жаңа баскетбол маусымының басталуымен құттықтаймыз, жарқын жеңістер, әдемі ойындар тілеп, жанкүйерлердің көбірек жиналуын күтеміз. Спортта жаңа биіктерге бірлесе жетеміз», — деді «Effective Media Liaison» (құрамына tengrinews.kz, vesti.kz, massaget.kz кіреді) ЖШС директоры Сұңқар Қарабалин.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»